Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Ақмола облысы Біржан сал ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 18 қарашадағы № а-11/297 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 20 қарашада № 7496 болып тіркелді

      2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес, Біржан сал ауданының әкiмдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, талшықты-оптикалық байланыс желісін жобалау, жүргізу және пайдалану үшін Біржан сал ауданы Ақсу, Аңғал батыр, Донской, Үлгі ауылдық округтерінің әкімшілік шекараларында орналасқан жалпы алаңы 21,043 гектар "Қазақтелеком" акционерлік қоғамына жер учаскелерін алып қоймастан үш (3) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. Талшықты-оптикалық байланыс желісін жобалау, жүргізу және пайдалану мақсатында жер учаскесін пайдаланған кезде "Қазақтелеком" акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары К.Д.Шәймерденовке жүктелсін.

      4. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттiк тiркелген күнінен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Е.Нугманов

  Біржан сал ауданы әкімдігінің
2019 жылғы "18" қарашадағы
№ а-11/297 қаулысына
қосымша

Талшықты-оптикалық байланыс желісін жобалау, жүргізу және пайдалану үшін Біржан сал ауданында орналасқан жер учаскелерінің қауымдық сервитуты

Жер учаскесiнiң орналасқан жерi

Қауымдық сервитут белгiленген жерлер, гектар жалпы

Жер санаты

Оның ішінде:

Егістік барлығы (гектар)

шабындық (гектар)

жайылым (гектар)

1

Ақсу ауылдық округінің әкімшілік шекарасында

4,444

ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер

-

-

4,444

2

Аңғалбатыр ауылдық округінің әкімшілік шекарасында

4,0362

ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер

3,9227

-

0,1135

3

Донской ауылдық округінің әкімшілік шекарасында

4,4892

ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер

4,4892

-

-

4

Үлгі ауылдық округінің әкімшілік шекарасында

8,0736

ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер

5,2992

-

2,7744

Барлығы

21,043

-

13,7111

-

7,3319


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады