Алға аудандық мәслихатының 2019 жылғы 4 қаңтардағы № 228 "2019-2021 жылдарға арналған Алға қаласының бюджетін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Алға аудандық мәслихатының 2019 жылғы 30 мамырдағы № 272 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 5 маусымда № 6231 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік кодексінің 9–1 бабының 2 тармағына және 104 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес, Алға аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Алға аудандық мәслихатының 2019 жылғы 4 қаңтардағы № 228 "2019-2021 жылдарға арналған Алға қаласының бюджетін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-3-195 тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 24 қаңтарда жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1 тармақта:

      1) тармақшасында :

      кірістер - "507 220" сандары "540 351" сандарымен ауыстырылсын;

      оның ішінде:

      трансферттер түсімдері - "441 616" сандары "474 747" сандарымен ауыстырылсын;

      2) тармақшасында:

      шығындар - "520 498,7" сандары "553 629,7" сандарымен ауыстырылсын;

      5 тармақта:

      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерінің жалақысын көтеруге - 56 466 мың теңге";

      және келесідей мағынадағы абзацпен толықтырылсын:

      "әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің жекелеген санаттарының жалақысын көтеруге – 1 675 мың теңге";

      7 тармақта

      екінші абзацта:

      "31 500" сандары "34 500" сандарымен ауыстырылсын;

      және келесідей абзацпен толықтырылсын:

      "мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыруға – 1 905 мың теңге".

      2. Көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      3. "Алға аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет Департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкіне ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы шешімді Алға аудандық мәслихатының интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешім 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі

      Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы А. Жиенбаев
      Аудандық мәслихат хатшысы Б. Жұмабаев

  Алға аудандық мәслихатының
  2019 жылғы "30" мамырдағы
  № 272 шешіміне
  қосымша
  Алға аудандық мәслихатының
  2019 жылғы "4" қаңтардағы
  № 228 шешіміне
  1 қосымша

2019 жылға арналған Алға қаласының бюджеті

Санаты

Сыныбы

Кіші сыныбы

Атауы

Сомасы (мың теңге)

1

2

3

4

5




I. Кірістер

540351

1



Салықтық түсімдер

65604


01


Табыс салығы

35400



2

Жеке табыс салығы

35400


04


Меншікке салынатын салықтар

30204



1

Мүлікке салынатын салықтар

1098



3

Жер салығы

1365



4

Көлік құралдарына салынатын салық

27741

4



Трансферттердің түсімдері

474747


02


Мемлекеттік басқарудың жоғары тұрған органдарынан түсетін трансферттер

474747



3

Аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінен трансферттер

474747

Функционалдық топ

Кіші функция

Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі

Бағдарлама

Атауы

Сомасы (мың теңге)

1

2

3

4

6

7





II.Шығындар

553629,7

01




Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер

88295


1



Мемлекеттiк басқарудың жалпы функцияларын орындайтын өкiлдi, атқарушы және басқа органдар

88295



124


Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты

88295




001

Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер

87960




022

Мемлекеттік органның күрделі шығыстары

335

04




Білім беру

246503


1



Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту

246503



124


Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты

246503




004

Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту және мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту ұйымдарында медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыру

224146




041

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыруға

22357

07




Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

37340,1


3



Елді мекендерді көркейту

37340,1



124


Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты

37340,1




008

Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру

12999




009

Елдімекендердің санитариясын қамтамасыз ету

3600




011

Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру

20741,1

12




Көлік және коммуникация

178776


1



Автомобиль көлігі

178776



124


Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты

178776




013

Аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда,кенттерде, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету

5000




045

Аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының күрделі және орташа жөндеу

173776

15




Трансферттер

2715,6


1



Трансферттер

2715,6



124


Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты

2715,6




048

Пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) нысаналы трансферттерді қайтару

2715,6





III. Таза бюджеттік кредиттеу

0,0





IV. Қаржы активтерімен жасалатын операция бойынша сальдо

0,0





Қаржы активтерін сатып алу

0,0





V. Бюджет тапшылығы (профицит)

-13278,7





VI. Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)

13278,7





Қарыздар түсімдері

0,0





Мемлекеттік ішкі қарыздар

0,0





Қарыз алу келісім - шарттары

0,0





Қарыздарды өтеу

0,0





Қарыздарды өтеу

0,0

8




Бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары

13278,7


01



Бюджет қаражаты қалдықтары

13278,7



1


Бюджет қаражатының бос қалдықтары

13278,7




01

Бюджет қаражатының бос қалдықтары

13278,7


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады