Қобда ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 9 қаңтардағы № 5 "Қобда ауданы бойынша бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Мерзімі біткен

Ақтөбе облысы Қобда ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 12 тамыздағы № 219 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 14 тамызда № 6354 болып тіркелді. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 26 бабына сәйкес, Қобда ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қобда ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 9 қаңтардағы № 5 "Қобда ауданы бойынша бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3-7-193 болып тіркелген, 2019 жылдың 28 қаңтарында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:

      орыс тіліндегі жоғарыда көрсетілген қаулының атауында:

      "рабочихмест" сөздері бөлініп жазылсын, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді;

      мемлекеттік және орыс тілдеріндегі жоғарыда көрсетілген қаулының преамбуласында:

      кодекстің "қылмыстық – атқару кодексі" және "уголовно – исполнительного кодекса" тақырыптары бас әріптермен жазылсын;

      мемлекеттік тілдегі жоғарыда көрсетілген қаулының преамбуласында:

      "Қобдаауданының" сөздері бөлініп жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді;

      орыс тіліндегі жоғарыда көрсетілген қаулының 2 тармағында:

      "Отдел занятости и социальных программ Кобдинского района" сөздері "Кобдинский районный отдел занятости и социальных программ" сөздерімен ауыстырылсын, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді.

      2. "Қобда аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада көрсетілген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберуді;.

      3) осы қаулыны Қобда ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Қырықбаевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі М. Шермағанбет

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады