Мұғалжар ауданы Ақкемер ауылдық округінің Жарық нүктесіндегі "Жарық" шаруа қожалығының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Ақкемер ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 13 желтоқсандағы № 58 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 19 желтоқсанда № 6562 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Ақкемер ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі № 50 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Ақкемер ауылдық округі әкімінің 16.09.2020 № 50 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Мұғалжар аудандық аумақтық инспекция басшысының 2019 жылғы 10 желтоқсандағы № 2-12-4/218 ұсынысы негізінде, Ақкемер ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мүйізді ірі қара малдары арасында бруцеллез ауруының анықталуына байланысты, Мұғалжар ауданы Ақкемер ауылдық округінің Жарық нүктесінде орналасқан "Жарық" шаруа қожалығының аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. "Мұғалжар ауданы Ақкемер ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Мұғалжар ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4.Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

     
      Д. Кужаньязов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады