Шымкент қаласы, Қаратау ауданындағы "Астана" даңғылын қайта атау туралы

Жаңа

Бірлескен Шымкент қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 20 наурыздағы № 246 қаулысы және Шымкент қалалық мәслихатының 2019 жылғы 20 наурыздағы № 46/362-6с шешiмi. Шымкент қаласының Әділет департаментінде 2019 жылғы 20 наурызда № 22 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 13 бабына сәйкес, Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Шымкент қаласының Қаратау ауданындағы "Астана" даңғылы "Nursultan Nazarbaev" даңғылы болып қайта аталсын.

      2. "Шымкент қаласы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы бірлескен қаулы мен шешімді Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бірлескен қаулы мен шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалы – Шымкент аймақтық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;

      3) осы бірлескен қаулы мен шешім мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялау үшін Шымкент қаласында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарына жіберуді;

      4) осы бірлескен қаулы мен шешімді оның ресми жарияланғаннан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен қаулы мен шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Шымкент қаласының әкімі Ғ.Әбдірахымов
      Шымкент қаласы мәслихаты
      сессиясының төрағасы М.Битемиров
      Шымкент қаласы
      мәслихатының хатшысы Ғ.Ташқараев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады