Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Сарысу ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 13 тамыздағы № 181 қаулысы. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 14 тамызда № 4316 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 17, 69, 119 баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31, 37 баптарына сәйкес Сарысу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес "Қазақтелеком" акционерлік қоғамына талшықты оптикалық байланыс желісін жүргізу үшін 53,9666 гектар жер учаскесіне, жер учаскелерін меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймастан, 3 (үш) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "Сарысу ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға жіберілуін;

      осы қаулының Жамбыл облысы Сарысу ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Көкей Олжас Тұрғынұлына жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Қ. Мәдібек

  Сарысу ауданы әкімдігінің
2019 жылғы "__" ________
№____ қаулысына қосымша

Талшықты оптикалық байланыс желісін жүргізу үшін қауымдық сервитут белгіленген жер көлемдері

Қала, ауылдық округ

Жалпы көлемі (гектар)

Оның ішінде (гектар)

Егістік

Шабындық

Жайылымдық

Бөгде жер учаскесі

Құрылыс асты

2

Байқадам

2,2857

-

-

2,2857

-

-

3

Жайылма

1,557

-

-

1,557

-

-

4

Түркістан

2,3544

-

-

2,3544

-

-

5

Тоғызкент

23,5087

-

-

21,2001

2,3086

-

6

Жаңатас

3,8911

-

-

1,8291

2,062

-

7

Жаңаарық

5,0769

-

-

5,0769

-

-

8

Жаңаталап

9,3551

-

-

9,3071

0,048

-


Барлығы

53,9666

-

-

49,1007

4,8659

-


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады