Қауымдық сервитутты белгілеу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 26 наурыздағы № 13/01 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 29 наурызда № 5269 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақтелеком" акционерлік қоғамына талшықты-оптикалық байланыс желісін (ТОБЖ) жобалау, төсеу және пайдалану үшін, жалпы көлемі – 47,59 гектар жер учаскесін жер пайдаланушылардан алып қоймай 3 (үш) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "Бұқар жырау ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Бұқар жырау ауданы әкімінің орынбасары Арман Шалиевич Дардаковқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Бұқар жырау ауданының әкімі Ш. Мамалинов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады