Қауымдық сервитутты белгілеу туралы

Мерзімі біткен

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының әкімдігінің 2019 жылғы 11 қаңтардағы № 13 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 17 қаңтарда № 5157 болып тіркелді. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Қарқаралы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "SilkNetCom" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне талшықты-оптикалық байланыс желісін (ТОБЖ) төсеу үшін, жалпы көлемі - 6,1909 гектар жер учаскесін жер пайдаланушылардан алып қоймай 3 (үш) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "SilkNetCom" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (келісім бойынша) жер пайдаланушыларға келтірілген шығынды өтеуді қамтамасыз етсін және талшықты-оптикалық байланыс желісін төсеу жұмыстары аяқталғаннан кейін бүлінген жерлерді қалпына келтіру жұмыстарын жүргізсін.

      3. "Қарқаралы ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      4. Осы қаулының орындалысына бақылау жасау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі К. Максутов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады