Талшықты-оптикалық байланыс желісін жобалау, салу және пайдалану үшін Қарқаралы ауданы аумағында жер учаскелеріне қауымдық сервитутты белгілеу туралы

Мерзімі біткен

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының әкімдігінің 2019 жылғы 7 наурыздағы № 84 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 13 наурызда № 5227 болып тіркелді. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексінің 69 бабының 4 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақтелеком" акционерлік қоғамына Қарқаралы қаласынан Қарабұлақ, Бақты, Егіндібұлақ, Аппаз, Қарағайлы, Қаракөл, Бүркітті, Жарлы ауылдық елді мекендеріне талшықты-оптикалық байланыс желісін жобалау, салу және пайдалану үшін жер учаскесін жер пайдаланушылардан алып қоймай 3 (үш) жыл мерзімге қауымдық сервитут осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. "Қарқаралы ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (А.А. Наушабаев) Қазақстан Республикасының Жер Кодексіне сәйкес жұмыстар жүргізсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қарқаралы ауданының әкімі К. Максутов

  Қарқаралы ауданы әкімдігінің
2019 жылғы "____" ___________
№__________қаулысына
қосымша

Жер санаты, қала және елді мекен атаулары

Қауымдық сервитутты орнату алаңы, гектар

1

Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жері және ауыл шаруашылығы мақсатына арналмаған өзге де жерлер, барлығы

9,4212

2

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер

70,9456

3

Н. Әбдіров ауылдық округі

10,5256

4

Қайнарбұлақ ауылдық округі

4,5006

5

Қырғыз ауылдық округі

16,8246

6

Балқантау ауылдық округі

12,1338

7

Бақты ауылдық округі

15,5466

8

Қаркөл ауылдық округі

9,2538

9

Томар ауылдық округі

2,1606

10

Қарқаралы қаласы

10,9362

11

Қарағайлы кенті

8,4426

12

Бүркітті ауылы

7,6800

13

Қаракөл ауылы

2,6508

14

Бақты ауылы

16,4868

15

Жарлы ауылы

9,8628

16

Аппаз ауылы

5,6820


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады