Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Ынталы ауылдық округінің әкімінің 2019 жылғы 9 желтоқсандағы № 02 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 18 желтоқсанда № 5593 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Ынталы ауылдық округінің әкімінің 2020 жылғы 14 ақпандағы № 05 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Ынталы ауылдық округінің әкімінің 14.02.2020 № 05 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңдарына және Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 7-1/587 "Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларды бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде № 11940 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Ынталы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Ынталы ауылдық округінде орналасқан "Ынта" шаруа қожалығының "Қараоба" қыстағы аумағында ірі қара малдарының арасынан вирустық диареясы және инфекциялық ринотрахеит ауруы шығуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Ветеринариялық-санитариялық, сауықтыру және шектеу іс- шаралары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өткізілсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ынталы ауылдық округінің әкімі Ж.К. Кежембаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы
      Министрлігі Ветеринариялық бақылау және
      қадағалау комитетінің Қарқаралы аудандық
      аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің
      басшысының міндетін атқарушы
      Р.М. Баймурунов

      2019 жыл 09 желтоқсан.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады