"Қауымдық сервитут белгілеу туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2018 жылғы 2 мамырдағы № 1109 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қызылорда облысы әкімдігінің 2019 жылғы 12 ақпандағы № 1333 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 13 ақпанда № 6683 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қауымдық сервитут белгілеу туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2018 жылғы 2 мамырдағы № 1109 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 6295 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 17 мамырда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулының 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес экспликация бойынша "АстанаГаз ҚМГ" акционерлік қоғамына "Сары-Арқа" магистральдық газ құбырын орналастыру мақсатында жер учаскелерін меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймастан 4 (төрт) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "АстанаГаз ҚМГ" акционерлік қоғамы "Сары-Арқа" магистральдық газ құбырын орналастыру мақсатында жер учаскелерін пайдалану кезінде Қазақстан Республикасының заңнама талаптарын сақтасын.";

      көрсетілген қаулының қосымшасындағы тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Экспликация бойынша "АстанаГаз ҚМГ" акционерлік қоғамына "Сары-Арқа" магистральдық газ құбырын орналастыру мақсатында жер учаскелерін меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймастан 4 (төрт) жыл мерзімге қауымдық сервитут".

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары С.С. Қожаниязовқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда облысының әкімі Қ. Көшербаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады