Су қорғау аймақтарын, белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдалану режимін белгілеу туралы

Жаңартылған

Қызылорда облысы әкімдігінің 2019 жылғы 18 ақпандағы № 1335 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 19 ақпанда № 6702 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының Су Кодексі" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Кодексінің 116-бабының 2-тармағына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Бекітілген жобалау құжаттамасы негізінде белгіленсін:

      1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Қызылорда облысының Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған аудандары және Қызылорда қаласындағы су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулері;

      2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Қызылорда облысының Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған аудандары және Қызылорда қаласындағы су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерінің шаруашылықта пайдалану режимі.

      2. Қызылорда облысының Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған аудандары мен Қызылорда қаласының әкімдері, "Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары С.С. Қожаниязовқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда облысының әкімі Қ. Көшербаев
      "КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрлігі
Су ресурстары комитетінің
Су ресурстарын пайдалануды
реттеу және қорғау жөніндегі
Арал-Сырдария бассейндік
инспекциясы" Республикалық
мемлекеттік мекемесімен

  Қызылорда облысы әкімдігінің 2019 жылғы "18" ақпандағы №1335 қаулысына 1-қосымша

Қызылорда облысының Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған аудандары және Қызылорда қаласындағы су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулері

Су объектілерінің атауы

Әкімшілік-аумақтық бірліктердің атауы

Су қорғау аймағы мен белдеуінің көлемі, гектар

Су қорғау аймағының ені, метр

Су қорғау белдеуінің ені, метр

1

Иіркөл көлі

Қызылорда қаласы

393,243

500

35

2

Сасықкөл көлі

Қызылорда қаласы

390,503

500

35

3

Иіркөл көлі (Прудхоз)

Қызылорда қаласы

482,587

500

35

4

Жарықкөл көлі

Арал ауданы

3476,122

500

35

5

Тұщыкөл көлі

Арал ауданы

3846,711

500

35

6

Домалақкөл көлі

Арал ауданы

385,083

500

35

7

Мариямкөл көлі

Қазалы ауданы

1988,134

500

35

8

Томайкөл көлі

Қазалы ауданы

852,9

500

35

9

Жанай №1 көлі

Қазалы ауданы

347,801

500

35

10

9-Құдық-Әлтәй көлі

Қармақшы ауданы

1748,243

500

35

11

Таскөл көлі

Қармақшы ауданы

536,352

500

35

12

Лайкөл көлі

Қармақшы ауданы

591,576

500

35

13

Меңей көлі

Қармақшы ауданы

269,977

500

35

14

Иіркөл көлі

Жалағаш ауданы

546,647

500

35

15

Бәйбіше көлі

Жалағаш ауданы

539,992

500

35

16

Қаракөл көлі

Жалағаш ауданы

72,078

300

35

17

Серкеш көлі

Жалағаш ауданы

574,641

500

35

18

Қазымбет көлі

Сырдария ауданы

757,487

500

35

19

Қаракөл көлі

Сырдария ауданы

440,932

500

35

20

Байсары көлі

Сырдария ауданы

303,621

500

35

21

Итатқан көлі

Шиелі ауданы

317,505

500

35

22

Домалақ көлі

Шиелі ауданы

640,232

500

35

23

Құмшұқырой көлі

Шиелі ауданы

452,728

500

35

24

Өзгент көлі

Жаңақорған ауданы

590,644

500

35

25

Жашыкөл көлі

Жаңақорған ауданы

589,578

500

35

26

Қойлық ата көлі

Жаңақорған ауданы

672,161

500

35

  Қызылорда облысы әкімдігінің
  2019 жылғы "18" ақпандағы №1335
  қаулысына 2-қосымша

Қызылорда облысының Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған аудандары және Қызылорда қаласындағы су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулері

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - Қызылорда облысы әкімдігінің 02.02.2021 № 194 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Су қорғау аймақтарының шегінде:

      1) су объектілерін және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануы мен қоқыстануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген жаңа және реконструкцияланған объектілерді пайдалануға беруге;

      2) ғимараттарға, құрылыстарға, коммуникацияларға және басқа да объектілерге реконструкция жүргізуге, сондай-ақ құрылыс, су түбін тереңдету және жарылыс жұмыстарын жүргізуге, пайдалы қазбалар өндіруге, кәбіл, құбыр және басқа да коммуникацияларды төсеуге, белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органдармен, бассейндік инспекциялармен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен және басқа да мүдделі органдармен келісілген жобасы жоқ бұрғылау, жер қазу және өзге де жұмыстар жүргізуге;

      3) тыңайтқыштар, пестицидтер, мұнай өнімдерін сақтайтын қоймаларды, көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасына техникалық қызмет көрсету, оларды жуу пункттерін, механикалық шеберханаларды, тұрмыстық және өнеркәсіп қалдықтарын төгетін құрылғыны, аппаратураларды пестицидтермен толтыратын алаңдарды, авиациялық-химиялық жұмыстар жүргізуге арналған ұшу-қону жолақтарын орналастыруға және салуға, сондай-ақ судың сапасына кері әсер ететін басқа да объектілерді орналастыруға;

      4) мал шаруашылығы фермалары мен кешендерін, сарқынды су жинағыштарды, сарқынды сумен суарылатын егістіктерді, зираттарды, мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), сондай-ақ жерүсті және жерасты суларының микробпен ластану қаупіне себепші болатын басқа да объектілерді орналастыруға;

      5) жүктелім нормасынан асырып мал жаюға, су тоғандарының режимін нашарлататын мал тоғыту мен санитариялық өңдеуге және шаруашылық қызметінің басқа да түрлеріне;

      6) су көздеріндегі су кемерінен екі мың метрге жетпейтін қашықтықта орналасқан ауыл шаруашылығы дақылдары мен орман екпелерін пестицидтермен авиациялық өңдеу және авиация арқылы минералдық тыңайтқыштармен қоректендіру тәсілін қолдануға;

      7) концентрациясының жол берілетін шегі белгіленбеген пестицидтерді қолдануға, қардың үстіне тыңайтқыш себуге, сондай-ақ залалсыздандырылмаған көң қосылған сарқынды суды және тұрақты хлорорганикалық пестицидтерді тыңайтқыш ретінде пайдалануға тыйым салынады.

      Су қорғау аймағында мәжбүрлі санитариялық өңдеу жүргізу қажет болған жағдайда уыттылығы әлсіз және орташа тұрақсыз пестицидтерді қолдануға жол беріледі.

      2. Су қорғау белдеулерінің шегінде:

      1) су объектілерінің сапалық және гидрологиялық жай-күйін нашарлататын (ластану, қоқыстану, сарқылу) шаруашылық қызметіне немесе өзге де қызметке;

      2) су шаруашылығы және су жинайтын құрылыстар мен олардың коммуникацияларын, көпірлерді, көпір құрылыстарын, айлақтарды, порттарды, пирстерді және су көлігі қызметіне байланысты өзге де көлік инфрақұрылымдары объектілерін, жаңартылатын энергия көздерін (гидродинамикалық су энергиясын) пайдалану объектілерін, сондай-ақ су объектісіндегі рекреациялық аймақтарды қоспағанда, демалыс және (немесе) сауықтыру мақсатындағы ғимараттар мен құрылысжайлар салмай ғимараттар мен құрылыстарды салуға және пайдалануға;

      3) бау-бақша егуге және саяжай салуға жер учаскелерін беруге;

      4) су объектілерінің және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген қазіргі бар объектілерді пайдалануға;

      5) жекелеген учаскелерді шалғындандыруға, егін егуге және ағаш отырғызуға арналған жерлерді өңдеуді қоспағанда, топырақ және өсімдік қабатын бұзатын жұмыстарды жүргізуге (оның ішінде жер жыртуға, мал жаюға, пайдалы қазбаларды өндіруге);

      6) шатыр қалашықтарын, көлік құралдары үшін тұрақты тұрақтарды, малдың жазғы жайылым қостарын орналастыруға;

      7) пестицидтер мен тыңайтқыштардың барлық түрлерін қолдануға тыйым салынады.

      3. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен келісілген және салалық сараптамалардың түйіндерін қамтитын, құрылыс жобаларына (техникалық-экономикалық негіздемелерге, жобалау-сметалық құжаттамаға) ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысы алынған жобалар болмаса, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде кәсіпорындар, ғимараттар, құрылыстар мен коммуникациялар салуға (реконструкциялауға, күрделі жөндеуге) тыйым салынады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады