Тапсырыс берушілер үшін бірыңғай ұйымдастырушыны айқындау туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 15 қаңтардағы № 3 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 15 қаңтарда № 6654 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 19 сәуірдегі № 84 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 19.04.2021 № 84 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      “Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы №648 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының 3-тармағының 11) тармақшасына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №12590 болып тіркелген) сәйкес Жалағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 25.02.2020 № 53 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      1. “Жалағаш ауданының мемлекеттік сатып алу бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі тапсырыс берушілер үшін бірыңғай ұйымдастырушы болып айқындалсын.

      2. “Жалағаш ауданының мемлекеттік сатып алу бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жалағаш ауданы әкімінің орынбасары Р. Д. Ержановқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жалағаш ауданының әкімі Қ. Сәрсенбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады