Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және тілдерді дамыту саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

Жаңартылған

Қостанай облысы Жангелдин ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 2 тамыздағы № 105 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 2 тамызда № 8612 болып тіркелді

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - Қостанай облысы Жангелдин ауданы әкімдігінің 14.02.2022 № 18 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 139-бабы 9-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес Жангелдин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және тілдерді дамыту саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Жангелдин ауданы әкімдігінің 14.02.2022 № 18 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Жангелдин ауданы әкімдігінің "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" 2018 жылғы 7 маусымдағы № 58 қаулысының (2018 жылғы 9 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7907 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. "Жангелдин ауданы экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы әкімдіктің қаулысы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Жангелдин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Жангелдин ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

  Әкімдіктің
2019 жылғы 2 тамыздағы
№ 105 қаулысына
қосымша

Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және тілдерді дамыту саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қостанай облысы Жангелдин ауданы әкімдігінің 14.02.2022 № 18 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандардың лауазымдары:

      1) аудандық Халықты жұмыспен қамту орталығының басшысы;

      2) әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман;

      3) халықты жұмыспен қамту орталығының (қызметінің) құрылымдық бөлімшесінің маманы;

      4) әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант;

      5) психоневрологиялық аурулары бар мүгедек балалар мен 18 жастан асқан мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер.

      2. Мәдениет саласындағы мамандардың лауазымдары:

      1) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысы (директоры);

      2) мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер);

      3) барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер);

      4) кітапханашы;

      5) кітапхана басшысы (меңгерушісі);

      6) барлық атаудағы әртістері;

      7) режиссер;

      8) редактор (негізгі қызметтер);

      9) барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер);

      10) әкімші (негізгі қызметтер);

      11) дирижер;

      12) библиограф;

      13) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекемесінің және мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның көркемдік жетекшісі;

      14) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысының (директорының) орынбасары;

      15) хореограф;

      16) дыбыс режиссері.

      3. Спорт саласындағы мамандардың лауазымдары:

      1) әдіскер.

      4. Тілдерді дамыту саласындағы мамандардың лауазымдары:

      1) қазақ, орыс, ағылшын тілдер мұғалімі.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады