Жер учаскесіне қауымдық сервитутты белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Науырзым ауданы Шолақсай ауылы әкімінің 2019 жылғы 20 мамырдағы № 1 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 23 мамырда № 8466 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Науырзым ауданы Шолақсай ауылы әкімінің 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Науырзым ауданы Шолақсай ауылы әкімінің 10.09.2021 № 2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19, 69-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына сәйкес Науырзым ауданы Шолақсай ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Қазақтелеком" акционерлік қоғамына, талшықты оптикалық байланыс желісін жүргізу мен пайдалану мақсатында Қостанай облысы, Науырзым ауданы, Шолақсай ауылы аумағында орналасқан жалпы алаңы 3,0738 гектар жер учаскесіне қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "Науырзым ауданы Шолақсай ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министірлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Науырзым ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме жүктеймін.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шолақсай ауылының әкімі Н. Киселева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады