Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 22 қарашадағы № 309 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 27 қарашада № 8784 болып тіркелді

      2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17, 69-баптарына, "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес сәйкес Бейімбет Майлин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "ҚазТрансГаз Аймақ" акционерлік қоғамының Қостанай өндірістік филиалына коммуналдық, инженерлiк, электр және басқа да желiлер мен тораптарды, сондай-ақ көлiк инфрақұрылымы объектiлерiн жүргізу мен пайдалану мақсатында, Бейімбет Майлин ауданының аумағында орналасқан жалпы көлемi 7,1881 гектар жер учаскелеріне қауымдық сервитут қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. "Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі К. Испергенов

  Әкімдіктің
2019 жылғы 22 қарашадағы
№ 309 қаулысына
қосымша

Округтің атауы

Көлемі, гектар

Соның ішінде жайылымдар, гектар

1

Павлов ауылдық округі

0,0897

0,0897

2

Павлов ауылдық округі

2,7516

2,7516

3

Павлов ауылдық округі

1,0055

1,0055

4

Новоильинов ауылдық округі

1,1698

1,1698

5

Новоильинов ауылдық округі

1,0888

1,0888

6

Новоильинов ауылдық округі

0,6219

0,6219

7

Новоильинов ауылдық округі

0,4608

0,4608


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады