Ақтоғай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 11 тамыздағы "Ақтоғай ауданы Харьков ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің санын бекіту туралы" № 143/35 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 2019 жылғы 16 тамыздағы № 255/53 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 23 тамызда № 6515 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Павлодар облыстық әкімдігінің 2019 жылғы 14 қаңтардағы № 2 және Павлодар облыстық мәслихатының 2019 жылғы 14 қаңтардағы № 303/27 "Павлодар облысының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы" бірлескен қаулысы мен шешімінің негізінде, Ақтоғай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақтоғай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 11 тамыздағы "Ақтоғай ауданы Харьков ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің санын бекіту туралы" № 143/35 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3983 болып тіркелген, 2014 жылғы 13 қыркүйекте "Ауыл тынысы" және "Пульс села" газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақтоғай аудандық мәслихатының заңдылық және әлеуметтік саясат жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрайымы Л. Дисенова
      Аудандық мәслихат хатшысы Ж. Ташенев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады