Шектеу іс-шараларын тоқтату туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Алматы ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 10 шілдедегі № 3 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 12 шілдеде № 5468 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 - бабы 2 -тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабы 8) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың 2019 жылғы 4 маусымдағы № 10-11/67 ұсынысы негізінде, Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Алматы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Алматы ауылдық округінің Жарқайың ауылында орналасқан "Данияр Агро" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аумағында ірі қара малдың бруцеллез бойынша шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" Алматы ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 6 (2018 жылғы 3 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланды, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5102 болып тіркелді) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округінің әкімі Л.Ботина

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады