Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының азаматтық қызметшілері болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

Жаңартылған

Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 31 шілдедегі № 194 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 1 тамызда № 5517 болып тіркелді.

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 11.03.2022 № 53 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 31 - бабы 2 - тармағына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18 - бабы 2) тармақшасына, 139 - бабы 9 - тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 11.03.2022 № 53 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      2. Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:

      1) "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және Жамбыл ауданының ауылдық жерінде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" 2016 жылғы 4 тамыздағы № 175 (2016 жылғы 9 қыркүйекте "Әділет" Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерінің ақпараттық - құқықтық жүйесінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3886 болып тіркелген);

      2) "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және Жамбыл ауданының ауылдық жерінде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" 2016 жылғы 4 тамыздағы № 175 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2017 жылғы 3 тамыздағы № 183 (2017 жылғы 25 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4292 болып тіркелген).

      3. "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат" институты шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Солтүстік Қазақстан облысы филиалына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін жіберуді;

      3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Жамбыл ауданы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуына жауапкершілігі "Жамбыл ауданының экономика және қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      6. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2019 жылғы 01 қаңтардан бастап пайда болған құқықтық қатынастарға таратылады.

  Қаулысына қосымша
  Солтүстік Қазақстан облысы
  Жамбыл ауданы әкімдігінің
  2019 жылғы 31 шілдедегі № 194
  қаулысына қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

      Ескерту. Тізбесі жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 11.03.2022 № 53 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандарының лауазымдары:

      1) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің аудандық Халықты жұмыспен қамту орталығының басшысы;

      2) аудандық маңызы бар ұйымның құрылымдық бөлімшесі болып табылатын үйде қызмет көрсету бөлімшесінің меңгерушісі;

      3) аудандық маңызы бар Жұмыспен қамту орталығының сектор басшысы;

      4) мемлекеттік мекеменің біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты, санаты жоқ маманы – әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант;

      5) мемлекеттік мекеменің біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты, санаты жоқ маманы – арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

      6) мемлекеттік мекеменің біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты, санаты жоқ маманы жұмыспен қамту орталығының (қызметінің) құрылымдық бөлімшесінің маманы, қарттар мен мүгедектігі бар тұлғаларға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар балалар мен 18 жастан асқан мүгедектігі бар тұлғаларға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

      7) халықты жұмыспен қамту орталығының ассистенті.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс еңгізілді - Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 09.06.2023 № 173 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Мәдениет саласындағы мамандардың лауазымдары:

      1) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы (директоры);

      2) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысының (директорының) орынбасары;

      3) ауылдық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы (директоры);

      4) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның әдістемелік кабинеті, кітапхана меңгерушісі (басшысы);

      5) мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санаттағы мамандар – аккомпаниатор, библиограф, кітапханашы, мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер), барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер), музыкалық жетекші, режиссер, барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер);

      6) мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның біліктілігі орташа деңгейдегі санаты жоқ мамандар – аккомпаниатор, библиограф, кітапханашы, мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер), барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер), музыкалық жетекші, редактор (негізгі қызметтер), режиссер, хореограф, барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер);

      7) мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі мамандар – дыбыс операторы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады