Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының 2019 жылғы 25 қаңтардағы № 37/4 "Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарына 2019 жылы көтерме жәрдемақы және тұрғын үй алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау ұсыну туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының 2019 жылғы 12 тамыздағы № 44/2 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 19 тамызда № 5530 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабы 8-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы" Қаулысының 2-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының "Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарына 2019 жылы көтерме жәрдемақы және тұрғын үй алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау ұсыну туралы" 2019 жылғы 25 қаңтардағы № 37/4 шешіміне (2019 жылғы 30 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5210 болып тіркелді) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:

      "1. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының ауылдық елдi мекендеріне жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарына 2019 жылы жүз еселік айлық есептік көрсеткiшке тең сомада көтерме жәрдемақы ұсынылсын.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2019 жылғы 25 маусымнан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады