Атырау қаласының аумағында жолаушыларды қалалық қатынастарда автомобильмен тұрақты тасымалдауға сараланатын тарифті белгілеу туралы

Жаңа

Атырау облысы Атырау қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 26 қыркүйектегі № 2161 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 27 қыркүйекте № 4496 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабына және "Автомобиль көлiгi туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 19-бабына сәйкес, ақша қаражатының көлеңкелі айналымын болдырмау және жолаушылар тарапынан Атырау қаласының қоғамдық көлігінде қолма-қол ақшасыз жолақысын төлеу әдісінің тартымдылығын арттыру мақсатында, Атырау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Атырау қаласының аумағында жолаушыларды қалалық қатынастарда автомобильмен тұрақты тасымалдауға сараланатын тариф келесі мөлшерде белгіленсін:

      1) жол ақысын ұялы байланыс операторының көрсетілетін қызметтері арқылы немесе электрондық жол жүру картасы арқылы қолма-қол ақшасыз төлеу кезінде – 80 (сексен) теңге;

      2) жол ақысын қолма-қол ақшамен төлеу кезінде – 150 (жүз елу) теңге.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау қаласы әкімінің орынбасары Ж. Қаражановқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Атырау қаласының әкімі А. Құттұмұрат-ұлы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады