Бәйдібек ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алуға әлеуметтік көмек беру туралы

Күшін жойған

Түркістан облысы Бәйдібек аудандық мәслихатының 2019 жылғы 26 маусымдағы № 41/254 шешімі. Түркістан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 12 шілдеде № 5135 болып тіркелді. Күші жойылды - Түркістан облысы Бәйдібек аудандық мәслихатының 2020 жылғы 14 сәуірдегі № 49/303 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Бәйдібек аудандық мәслихатының 14.04.2020 № 49/303 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18-бабының 5-тармағына сәйкес, Бәйдібек аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Бәйдібек ауданының ауылдық елдi мекендерде тұратын және жұмыс істейтiн мемлекеттiк денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына жергілікті бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу үшін 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек берілсін.

      2. "Бәйдібек аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы мәслихат шешімі мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;

      3) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Бәйдібек аудандық мәслихаттың интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешiм оның алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы Б. Кенжебаев
      Аудандық мәслихат хатшысы М. Нахипбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады