Боралдай ауылдық округі Боралдай елді мекені Қ.Бердиев көшесіне шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Түркістан облысы Бәйдібек ауданы Боралдай ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 16 мамырдағы № 34 шешiмi. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2019 жылғы 16 мамырда № 5054 болып тiркелдi. Күші жойылды - Түркістан облысы Бәйдібек ауданы Боралдай ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 11 шілдедегі № 46 шешiмiмен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Бәйдібек ауданы Боралдай ауылдық округі әкімінің 11.07.2019 № 46 шешiмiмен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2 тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Түркістан облыстық аумақтық инспекциясы Бәйдібек аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2019 жылғы 11 сәуірдегі № 82 ұсынысы негізінде және жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою мақсатында Боралдай ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Боралдай ауылдық округі Боралдай елді мекені Қ.Бердиев көшесінің тұрғыны Шауенов Мұрат Жақыпбекұлын тістеген мысықтың құтырық ауырумен ауыруына байланысты Боралдай елді мекені Қ.Бердиев көшесінің аумағына шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. "Боралдай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімді аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына, Қазақстан Республикасы нормативтік-құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;

      3) осы шешімді оны ресми жарияланғаннан кейін Бәйдібек ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      Боралдай ауылдық округінің әкімі А.Тоқтамысов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады