Шектеу iс-шараларын алып тастау және Ордабасы ауданы Бөржар ауылдық округi әкiмiнiң 2019 жылғы 8 мамырдағы № 78 "Бөржар ауылдық округiне қарасты Теспе елдi мекенi Әйтеке би көшесiнiң аумағына шектеу iс-шараларын белгiлеу туралы" шешiмiнiң күшi жойылды деп тану туралы

Жаңа

Түркістан облысы Ордабасы ауданы Бөржар ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 19 тамыздағы № 127 шешiмi. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2019 жылғы 19 тамызда № 5169 болып тiркелдi

      Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шiлдедегi Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына, "Құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 16 сәуiрдегi Заңының 46-бабының 2-тармағына және Ордабасы аудандық аумақтық инспекция басшысының 2019 жылғы 26 маусымдағы № 02-05/140 ұсынысы негiзiнде, Бөржар ауыл округiнiң әкiмi ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. 1 (бір) мал табынының арасынан бруцеллез ауруын жоюға қатысты ветеринариялық iс-шаралар кешенiнiң жүргiзiлуiне байланысты Бөржар ауылдық округiне қарасты Теспе елдi мекенi Әйтеке би көшесiнiң аумағында шектеу iс-шаралары алып тасталсын.

      2. Ордабасы ауданы Бөржар ауылдық округi әкiмiнiң 2019 жылғы 8 мамырдағы № 78 "Бөржар ауылдық округiне қарасты Теспе елдi мекенi Әйтеке би көшесiнiң аумағына шектеу iс-шараларын белгiлеу туралы" (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 5046 болып тiркелген, 2019 жылғы 22 мамырында Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiнде электрондық түрде жарияланған) шешiмiнiң күшi жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешiмнiң орындалуын өзiме қалдырамын.

      4. Осы шешiм оның алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Бөржар ауыл округі әкімі Е. Алтынбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады