Сайрам ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібін және мөлшерін бекіту туралы

Күшін жойған

Түркістан облысы Сайрам аудандық мәслихатының 2019 жылғы 6 наурыздағы № 38-244/VI шешiмi. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2019 жылғы 15 наурызда № 4932 болып тiркелдi. Күші жойылды - Түркістан облысы Сайрам аудандық мәслихатының 2019 жылғы 29 қарашадағы № 45-282/VI шешiмiмен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Сайрам аудандық мәслихатының 29.11.2019 № 45-282/VI шешiмiмен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18 бабының 5 тармағына сәйкес Сайрам аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Сайрам ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу үшiн жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен 2 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде әлеуметтiк көмек берiлсiн.

      2. Сайрам аудандық мәслихатының 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 33-219/VI "Сайрам ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібін және мөлшерін бекіту туралы" (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде 2018 жылғы 28 желтоқсанда № 4869 нөмiрiмен тiркелген, 2019 жылғы 11 қаңтарда "Мәртөбе" газетiнде және 2019 жылғы 11 қаңтарда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған) шешiмiнiң күшi жойылды деп танылсын.

      3. "Сайрам аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы мәслихат шешімі мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;

      3) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Сайрам аудандық мәслихаттың интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешiм оның алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Сайрам аудандық мәслихатының
      сессия төрағасы Ф. Аликулов
      Сайрам аудандық
      мәслихатының хатшысы Ж. Сүлейменов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады