Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Түркістан облысы Сайрам ауданы Манкент ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 17 мамырдағы № 30 шешiмi. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2019 жылғы 17 мамырда № 5057 болып тiркелдi. Күші жойылды - Түркістан облысы Сайрам ауданы Манкент ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 23 шілдедегі № 47 шешiмiмен

      Ескерту. Күшi жойылды - Түркiстан облысы Сайрам ауданы Манкент ауылдық округі әкімінің 23.07.2019 № 47 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Сайрам ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2019 жылғы 03 мамырдағы № 02-05/147 ұсынысы негізінде, Манкент ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Уақ малдың арасында бруцеллез ауруының анықталуына байланысты, Түркістан облысы Сайрам ауданы Манкент ауылдық округі Манкент ауылының Бірлік көшесінің аумағына шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. "Сайрам ауданының Манкент ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;

      3) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Сайрам ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Манкент ауылдық округінің әкімі Б.Эгамбердиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады