Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңартылған

Түркістан облысы Төлеби ауданы әкiмдiгiнiң 2019 жылғы 11 маусымдағы № 387 қаулысы. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2019 жылғы 11 маусымда № 5085 болып тiркелдi

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 17 бабының 5-1) тармақшасына және 69 бабының 4 тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 1 тармағы 10) тармақшасына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес "Қазақтелеком" акционерлік қоғамы талшықты оптикалық байланыс желісін орналастыру және пайдалану үшін жердің меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймастан жер учаскелеріне 3 (үш) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. Алынып тасталды - Түркістан облысы Төлеби ауданы әкiмдiгiнiң 15.09.2022 № 448 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Дүйсебаевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Б.Омарбеков

  Төлеби ауданы әкімдігінің
2019 жылғы 11 маусымдағы
№ 387 қаулысына
қосымша

Магистральды талшықты оптикалық байланыс желісін орналастыру және пайдалану үшін қауымдық сервитут белгіленетін жер көлемдері

Жер пайдаланушылар атауы

Қауымдық сервитуттың әрекет ету көлемі (гектар)

Оның ішінде

Елді мекен жерлері

Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер

Оның ішінде

Егістік

Оның ішінде

Көп жылдық екпелер

Шабындық

Жайылым

Босалқы жер

Суармалы егістік

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

1

Қоғалы ауылдық округі

0,0774

0,0774

0,0774

-

-

-

-

-

-

2

Тасарық ауылдық округі

0,0021

-

-

-

-

-

-

-

0,0021

3

Көксәйек ауылдық округі

0,1079

0,1062

0,1062

-

-

-

-

-

0,0017

4

Жоғарғы Ақсу ауылдық округі

0,1179

0,1179

-

-

-

-

0,1179

-

-


Барлығы

0,3053










Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады