Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданындағы Шаңдыбұлақ, Қаршалы, атауы жоқ 1, атауы жоқ 2, атауы жоқ 3 бұлақтарының су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулерін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 3 қыркүйектегі № 298 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 10 қыркүйекте № 6158 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 116, 125, 145-1-баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, бекітілген жобалық құжаттама негізінде және су объектілерін тиісті санитарлық-гигиеналық және экологиялық талаптарға сәйкес күйде ұстау мақсатында, жер үсті суларының ластануын, қоқыстануы мен сарқылуын болғызбау, сондай-ақ өсімдіктер мен жануарлар дүниесін сақтау үшін, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мыналар:

      1) осы қаулыға қосымшаға Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданындағы Шаңдыбұлақ, Қаршалы, атауы жоқ 1, атауы жоқ 2, атауы жоқ 3 бұлақтарының су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулері;

      2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданындағы Шаңдыбұлақ, Қаршалы, атауы жоқ 1, атауы жоқ 2, атауы жоқ 3 бұлақтарының су қорғау аймақтары аумағында шаруашылыққа пайдаланудың арнайы режимі және су қорғау белдеулері аумағында шектеулі шаруашылық қызметі режимі белгіленсін.

      2. Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы бекітілген жобалық құжаттаманы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген құзыретіне сәйкес шаралар қабылдау үшін Күршім ауданының әкіміне және мемлекеттік жер кадастрында есепке алу және су қоры мен жер ресурстарының пайдаланылуына және қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін арнайы уәкілетті мемлекеттік органдарға тапсырсын.

      3. Облыстың табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің облыс аумағында таралатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің агроөнеркәсіптік кешен мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шығыс Қазақстан облысының
      әкімі Д. Ахметов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы министрлігі
      Су ресурстары комитетінің
      Су ресурстарын пайдалануды реттеу
      және қорғау жөніндегі Ертіс бассейндік
      инспекциясының басшысы
      ______________ Қ. Баймағамбетов

      2019 жылғы "___"_______________

  Шығыс
Қазақстан облысы әкімдігінің
2019 жылғы "03" қыркүйектегі
№ 298 қаулысына қосымша

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданындағы Шаңдыбұлақ, Қаршалы, атауы жоқ 1, атауы жоқ 2, атауы жоқ 3 бұлақтарының су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулері

Су объектісі, оның учаскесі

Су қорғау аймағы

Су қорғау белдеуі

Ұзындығы, км

Ені, м

Ауданы, га

Ұзындығы, км

Ені, м

Ауданы, га

1

2

3

4

5

6

7

Шаңдыбұлақ бұлағы, Сол жағалау Оң жағалау

23,9
23,9

500
500

1220,8
1419,2

23,9
23,9

55
55

131,2
130,5

Шаңдыбұлақ бұлағының салалары

53,4

500

5540,4

53,4

55

607,5

Қаршалы бұлағы, Сол жағалау Оң жағалау

9,5
9,5

500
500

295,8
471,9

9,5
9,5

55
55

48,3
45,6

атауы жоқ 1 бұлақ, Сол жағалау Оң жағалау

8,2
8,2

500
500

358,0
342,0

8,2
8,2

55
55

32,7
32,1

атауы жоқ 1 бұлақтың салалары

12,6

500

985,6

12,6

55

73,0

атауы жоқ 2 бұлақ, Сол жағалау Оң жағалау

3,3
3,3

500
500

150,0
100,0

3,3
3,3

55
55

10,9
11,1

атауы жоқ 3 бұлақ, Сол жағалау Оң жағалау

5,2
5,2

500
500

208,0
162,0

5,2
5,2

55
55

23,2
22,4

атау жоқ 3 бұлақтың салалары

2,7

500

523,9

2,7

55

29,8

      Ескертпе:

      Су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулерінің шекаралары мен ені бекітілген жобалық құжаттаманың картографиялық материалында көрсетілген.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады