Шектеу іс-шараларын алу және "Бородулиха ауданы Бақы ауылдық округінің елді мекендерінде шектеу іс –шараларын белгілеу туралы" Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы Бақы ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 27 маусымдағы № 2 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының Бақы ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 22 ақпандағы № 1 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 26 ақпанда № 5741 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 – бабының 8) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес және Бородулиха ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық – санитариялық испекторының 2018 жылғы 10 желтоқсандағы № 924 ұсынысы негізінде, Бақы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Бородулиха ауданы Бақы ауылдық округінің Коростели ауылы, Аул станциясы, Тарск ауылы, "Коростелевское" ЖШС елді мекендерінде ірі қара мал арасында бруцеллез жұқпалы ауруын сауықтыру бойынша ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар кешенінің аяқталуына байланысты шектеу іс – шаралары алынсын.

      2. "Бородулиха ауданы Бақы ауылдық округінің елді мекендерінде шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" Бородулиха ауданы Бақы ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 27 маусымдағы № 2 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-8-164 тіркелген, 2018 жылғы 21 шілдеде "Аудан тынысы", "Пульс района" аудандық газеттерінде және 2018 жылғы 16 шілдеде электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. "Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы Бақы ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген тәртіпте:

      1)осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2)осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін қазақ және орыс тілдерінде қағаз және электрондық түрде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасының нормативтік - құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;

      3)осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің Бородулиха ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

      4)оның ресми жарияланғанынан кейін осы шешімнің Бородулиха ауданы әкімдігінің интернет – ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Бақы ауылдық
      округінің әкімі В.Чуваткин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады