Бородулиха ауданы Жезкент кенттік округі Жезкент кенті Южная көшесі бойынша № 1, 1А, 3, 5, 7 үйлеріне, Дружба көшесі бойынша № 65, 65А үйлеріне, 60 лет КССР көшесі бойынша № 2, 4, 6, 10 үйлеріне, № 68 үйге және "Общество сад" саяжай алабына шектеу іс- шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы Жезкент кенттік округі әкімінің 2019 жылғы 4 ақпандағы № 2 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Бородулиха аудандық Әділет басқармасында 2019 жылғы 7 ақпанда № 5-8-200 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы Жезкент кенттік округі әкімінің 2019 жылғы 10 сәуірдегі № 3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы Жезкент кенттік округі әкімінің 10.04.2019 № 3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған

      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 - бабының 2 - тармағына сәйкес және Бородулиха ауданының бас ветеринариялық – санитариялық инспекторының міндетін атқарушының 2018 жылғы 30 қарашадағы № 903 ұсынысы негізінде, Жезкент кенттік округінің әкімі ШЕШТІ:

      1. Бородулиха ауданы Жезкент кенттік округі Жезкент кенті Южная көшесі бойынша № 1, 1А, 3, 5, 7 үйлеріне, Дружба көшесі бойынша № 65, 65А үйлеріне, 60 лет КССР көшесі бойынша № 2, 4, 6, 10 үйлеріне, № 68 үйге және "Общество сад" саяжай алабына ит пен мысық арасында құтыруға қарсы ошақты жою және ветеринариялық-санитариялық іс-шараларын өткізу үшін шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. "Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы Жезкент кенттік округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген тәртіпте:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде қағаз және электрондық түрде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасының нормативтік - құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;

      3) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің Бородулиха ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

      4) оның ресми жарияланғанынан кейін осы шешімнің Бородулиха ауданы әкімдігінің интернет – ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жезкент кенттік округінің
      әкімі Қ. Отузбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады