Глубокое ауданы Ушаново ауылдық округі Ушаново ауылының ірі қара малдарына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы Ушаново ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 4 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 20 маусымда № 6021 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы Ушаново ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 19 желтоқсандағы № 8 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы Ушаново ауылдық округі әкімінің 19.12.2019 № 8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабы 7) тармақшасына, "Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Глубокое аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушының 2019 жылғы 28 мамырдағы № 218 ұсынысына сәйкес, Ушаново ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:

      1. Ірі қара малдың арасынан бруцеллез ауруының шығуына байланысты, Глубокое ауданы Ушаново ауылдық округі Ушаново ауылының ірі қара малдарына шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. "Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы Ушаново ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының Шығыс Қазақстан облысы әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;

      3) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Глубокое ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

      4) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Глубокое ауданы әкімінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оны алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ушаново ауылдық округінің әкімі Е. Кумаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады