Шектеу іс-шараларын тоқтату және "Дайыр ауылдық округінің "Қорған-Төбе" шаруа қожалығына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" Зайсан ауданы Дайыр ауылдық округ әкімінің 2018 жылғы 30 қарашадағы № 8 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Дайыр ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 14 мамырдағы № 6 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 14 мамырда № 5939 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабының 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес және Зайсан ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2019 жылғы 16 сәуірдегі № 117 ұсынысы негізінде Зайсан ауданы Дайыр ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ірі қара малдарының бруцеллез ауруының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеніне байланысты Зайсан ауданы Дайыр ауылдық округінің "Қорған-Төбе" шаруа қожалығына шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Зайсан ауданы Дайыр ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 30 қарашадағы № 8 "Дайыр ауылдық округінің "Қорған-Төбе" шаруа қожалығына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2018 жылғы 06 желтоқсандағы № 5-11-175 болып тіркелген, 2018 жылғы 12 желтоқсанда "Достық" газетінде жарияланған және 2018 жылғы 19 желтоқсанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. "Дайыр ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімнің мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде, қазақ және орыс тілдерінде "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;

      3) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Зайсан ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

      4) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Зайсан ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Дайыр ауылдық округінің әкімі Б. Балғабаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады