Шектеу іс-шараларын тоқтату және "Үржар ауданы Қоңыршәулі ауылдық округінің Үшбұлақ ауылына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" Қоңыршәулі ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 7 маусымдағы № 10 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Қоңыршәулі ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 5 қыркүйектегі № 15 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 6 қыркүйекте № 6141 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46 бабының 2 тармағының 4) тармақшасына сәйкес және Үржар аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2019 жылғы 22 тамыздағы № 203 ұсынысының негізінде Қоңыршәулі ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАЙДЫ:

      1. Ірі қара малдары арасынан бруцеллез індетінің ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеніне байланысты, Үржар ауданы Қоңыршәулі ауылдық округіне қарасты Үшбұлақ ауылына қойылған шектеу іс шаралары тоқтатылсын.

      2. Қоңыршәулі ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 7 маусымдағы № 10 "Үржар ауданы Қоңыршәулі ауылдық округінің Үшбұлақ ауылына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6006 болып тіркелген және 2019 жылдың 11 маусымдағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған) шешімнің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуына бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      әкім А. Жунусов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады