"Мемлекеттік статистика саласындағы сұхбаттасу" кәсіби стандартын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 6 қаңтардағы № 2 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 6 қаңтарда № 19833 болып тіркелді.

      2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 117-бабының 2-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған "Мемлекеттік статистика саласындағы сұхбаттасу" кәсіби стандарты бекітілсін.

      2. "Статистикалық байқаулар (зерттеулер) жүргізу жөніндегі интервьюер" кәсіби стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2013 жылғы 28 желтоқсандағы № 336 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9123 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 25 ақпанда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Статистика комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде бұйрықтың осы тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
Р. Даленов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасыныңа

      Еңбек және халықты әлеуметтік

      қорғау министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2020 жылғы 6 қаңтардағы
№ 2 бұйрығымен
бекітілді

"Мемлекеттік статистика саласындағы сұхбаттасу" кәсіптік стандарты

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Мемлекеттік статистика саласындағы сұхбаттасу" кәсіптік стандарты (бұдан әрі – кәсіптік стандарт) жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды (бұдан әрі – статистикалық байқау) және ұлттық санақтарды жүргізу бойынша қызметтер көрсету үшін мамандарды тартуға арналған біліктілік пен құзыреттілік деңгейіне, еңбек мазмұнына, сапасы мен жағдайларына қойылатын талаптарды айқындайды.

      2. Осы кәсіптік стандартта "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған мәндердегі ұғымдар, сондай-ақ мынадай анықтамалар пайдаланылады:

      1) сұхбаттасу – сауал салуды телефон арқылы сауал салудың компьютерлендірілген жүйесі арқылы және (немесе) интервьюердің сауал салуды жеке жүргізу тәсілі;

      2) салалық біліктілік шеңбері – салада танылатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдалған сипаттамасы (бұдан әрі – СБШ).

2-тарау. Кәсіптік стандарттың паспорты

      4. Кәсіптік стандарттың атауы: "Мемлекеттік статистика саласындағы сұхбаттасу".

      5. Кәсіптік стандартты әзірлеу мақсаты: сапалы алғашқы статистикалық деректерді жинау және ресми статистикалық ақпарат пен ұлттық санақ қорытындыларын түзуге жәрдемдесу үшін негіз болып табылатын жұмыскерлердің біліміне, икемділіктеріне, дағдыларына және жеке құзыреттіліктеріне қойылатын талаптарға сәйкес келетін еңбек функцияларының жүйелі және құрылымдалған сипаттамаларын кәсіп бойынша ұсыну.

      6. Кәсіптік стандарттың қысқаша сипаттамасы:

      Кәсіптік стандарт ұлттық санақтарға дайындық және оны жүргізу бөлімі басшысының және нұсқаушысының, нұсқаушы-бақылаушының, жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды және ұлттық санақтарды жүргізу жөніндегі интервьюердің (бұдан әрі – статистикалық байқауларды жүргізу жөніндегі интервьюер) негізгі функциялары мен құзыреттіліктерін сипаттайды.

      7. Кәсіптік топ:

      әкімшілендіру саласындағы қызметшілер.

      8. Кәсіптік кіші топ:

      статистикалық ақпаратты өңдеу және маркетингтік зерттеулер бойынша қызметшілер.

3-тарау. Кәсіптер карточкалары

      9. Кәсіптердің тізбесі:

      1) статистикалық байқауларды жүргізу жөніндегі интервьюер – Салалық біліктілік шеңбері (бұдан әрі – СБШ) бойынша біліктіліктің 4-деңгейі;

      2) нұсқаушы-бақылаушы – СБШ бойынша біліктіліктің 5-деңгейі;

      3) ұлттық санақтарға дайындық және оны жүргізу жөніндегі нұсқаушы – СБШ бойынша біліктіліктің 6-деңгейі;

      4) ұлттық санақтарға дайындық және оны жүргізу бөлімінің басшысы – СБШ бойынша біліктіліктің 7-деңгейі.

      10. Нысан бойынша кәсіптер карточкасы осы кәсіптік стандартқа қосымшада келтірілген.

  "Мемлекеттік статистика
саласындағы сұхбаттасу"
кәсіптік стандартына
қосымша
  Нысан

Кәсіптер карточкасы

"Статистикалық байқауларды жүргізу жөніндегі интервьюер" кәсібінің карточкасы

Кәсіптің коды


Кәсіптің атауы

Статистикалық байқауларды жүргізу жөніндегі интервьюер

Салалық біліктілік шеңбері (бұдан әрі – СБШ) бойынша біліктілік деңгейі

4

Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту ұйымдарының басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес кәсіптің біліктілік деңгейі


Кәсіптік білім деңгейі

Жоғары, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жалпы орта білім, жұмыс өтілі бойынша талаптарды қоюсыз

1-еңбек функциясы: Статистикалық байқауларды жүргізуге дайындық

1-міндет:
Мемлекеттік статистика саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, статистикалық байқауларды жүргізуді регламенттейтін, әдістемелік және нұсқамалық құжаттарды, әдіснамалық және статистикалық құралдарды зерделеу

Икемділіктер мен дағдылар:
1. Әдіснамалық және техникалық құжаттамамен жұмыс істеу
2. Қажетті ақпаратты қолжетімді дереккөздерден табу
3. Жұмыста дербес компьютерді (бұдан әрі -ДК), офистік көшірмелеуді, аудио және бейне техниканы пайдалану
4. Өзін-өзі ұйымдастыру

Білімі:
1. Қазақстан Республикасының статистикалық байқаулар саласындағы заңнамалық және басқа да нормативтік құқықтық актілері, өз құзыреті шегіндегі статистикалық байқаулардың нысандары мен әдістері
2. Статистикалық нысандар мен санақ парақтары, сауал салу әдістемелері және сұхбаттасудың базалық дағдылары
3. Еңбекті ұйымдастыру және басқару негіздері, еңбек заңнамасы; ішкі еңбек тәртібінің қағидалары; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария, өрт қауіпсіздігі талаптары

2-міндет:
Алдын ала аралап шығу, статистикалық байқауға жататын респонденттердің және (немесе) үй шаруашылықтарының тізімдерін нақтылау және статистикалық байқау туралы ақпараттандыру, респонденттер және (немесе) үй шаруашылықтарының арасында насихаттау-түсіндіру жұмыстарын жүргізу

Икемділіктер мен дағдылар:
1. Қажетті ақпаратты қолжетімді дереккөздерден табу
2. Респонденттермен және (немесе) үй шаруашылықтарымен байланыс орнату
3. Статистикалық байқау туралы негізгі мәліметтерді жазу
4. Статистикалық байқауларға қатысу қажеттілігі туралы түсіндіру
5. Респондентердің және (немесе) үй шаруашылықтарының сұрақтарына сындарлы жауап беру
6. Әңгімелесуді кәсіби түрде жүргізу, сауал салуды жүргізу
7. Іскерлік әңгімелесу дағдыларын білу
8. Тізімдер мен есептерді жасау

Білімі:
1. Қазақстан Республикасының статистикалық байқаулар саласындағы заңнамалық және басқа да нормативтік құқықтық актілері, өз құзыреті шегіндегі статистикалық байқаулардың нысандары мен әдістері
2. Статистикалық байқауларды ұйымдастыру жөніндегі әдіснамалық және нұсқамалық құжаттар, олардың мақсаттары мен міндеттері
3. "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі -Заң) 19-бабы 1-тармағына сәйкес мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган бекітетін статистикалық нысандарды ұсыну мерзімдері
4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі ережесінің (бұдан әрі - Ереже) 17-тармағы 266-49) тармақшасына сәйкес мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның ведомствосы бекітетін санақ парақтары
5. Тілді білу (құрылым, грамматика, лексика)

2-еңбек функциясы:
Статистикалық байқауларды жүргізу

1-міндет:
Статистикалық нысандарды және (немесе) санақ парақтарын тарату және жинау, бекітілген статистикалық нысандар және (немесе) санақ парақтары бойынша респонденттерге және (немесе) үй шаруашылықтарына сауал салуды жүргізу

Икемділіктер мен дағдылар:

1. Респонденттердің және (немесе) үй шаруашылықтарының ерекшеліктерін есепке алу, жазба жүргізумен бір уақытта сұхбат жүргізу
2. Статистикалық байқауларға қатысу қажеттілігін түсіндіру
3. Байланыс орнату, әңгімелесуді әдепті жүргізу
4. Алғашқы статистикалық деректердің құпиялылығын сақтау

Білімі:
1. Қазақстан Республикасының статистикалық байқаулар саласындағы заңнамалық және басқа да нормативтік құқықтық актілері
2. Сауал салу әдістері және сұхбаттасудың базалық дағдылары
3. Статистикалық байқауларды ұйымдастыру жөніндегі әдіснамалық және нұсқамалық құжаттар

2-міндет:
Статистикалық байқаулардың мақсаттарын түсіндіру және статистикалық нысандарды және (немесе) санақ парақтарын толтыру кезінде респонденттерге және (немесе) үй шаруашылықтарына консультация беру

Икемділіктер мен дағдылар:
1. Айқындау, түсіндіру және консультация беру
2. Сұрақтарды түсіну және дұрыс түсіндіру
3. Жауаптардың толық нұсқаларын тұжырымдау

Білімі:
1. Статистикалық нысандар және (немесе) санақ парақтарының және оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтардың мазмұндары
2. Тіркелген деректерді жөндеу және түзету тәсілдері

3-міндет:
Анықталған кемшіліктерді түзету және қосымша сұрақтар бойынша статистикалық байқаулардың материалдарын нақтылау үшін респонденттерге және (немесе) үй шаруашылықтарына қайтадан бару

Икемділіктер мен дағдылар:
1. Қайта келудің мақсатын тұжырымдау және түсіндіру
2. Қосымша және нақтылаушы сұрақтарды қою
3. Жауаптардың толық нұсқаларын тұжырымдау
4. Жөндеулер мен түзетулер енгізу

Білімі:
1. Сауал салу әдістері және сұхбаттасудың базалық дағдылары
2. Статистикалық байқауларды ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі әдіснамалық және нұсқамалық құжаттар

3-еңбек функциясы:
Алғашқы статистикалық деректерді планшет, интернет-ресурс немесе қағаз жеткізгіштер арқылы бағдарламалық қамтамасыз етуде толтыру, кодтау және енгізу сапасына бақылау жүргізу

1-міндет:
Респонденттерден және (немесе) үй шаруашылықтарынан алынған деректерге логикалық бақылау жүргізу

Икемділіктер мен дағдылар:
1. Деректерді логикалық бақылау үшін сапалық және сандық өлшемшарттарды пайдалану
2. Нақтылауды талап ететін деректердің мазмұны мен көлемін айқындау

Білімі:
1. Логикалық бақылау тәсілдері, рәсімдері
2. Статистикалық байқауларды ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі әдіснамалық және нұсқамалық құжаттар

2-міндет:
Респонденттерден және (немесе) үй шаруашылықтарынан алынған деректерді ресми статистикалық ақпаратты және (немесе) ұлттық санақ қорытындыларын қалыптастыруға, өңдеуге дайындау

Икемділіктер мен дағдылар:
1. Статистикалық нысандарға және (немесе) санақ парақтарына кодтарды және алғашқы статистикалық деректерді енгізу
2. Толтырылған статистикалық нысандарды және (немесе) санақ парақтарын экспорттау
3. Тізімдемелер мен есептер жасау
4. Жұмыста ДК-ны, планшетті, офистік көшірмелеуді, аудио және бейне техниканы пайдалану

Білімі:
1. Заңның 19-бабы 1-тармағына сәйкес мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган бекітетін статистикалық нысандарды ұсыну мерзімдері және оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтар
2. Ереженің 17-тармағы 266-49) тармақшасына сәйкес мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның ведомствосы бекітетін санақ парақтары
3. Статистикалық байқауларды ұйымдастыру жөніндегі әдіснамалық және нұсқамалық құжаттар

Жеке құзыреттіліктерге қойылатын талаптар

Детальдарға мұқият болу
Нормативтілік
Көпшілдік
Ықпал ету
Ауызша және жазбаша коммуникация
Жауапкершілік
Әдептілік нормаларын ұстану
Нәтижеге бағдарлану

СБШ шеңберінде басқа кәсіптермен байланыс

5

Нұсқаушы-бақылаушы

6

Ұлттық санақтарға дайындық және оны жүргізу жөніндегі нұсқаушы

7

Ұлттық санақтарға дайындық және оны жүргізу бөлімінің басшысы

СК-мен байланыс

Статистикалық байқауларды жүргізу жөніндегі интервьюер

147


"Нұсқаушы-бақылаушы" кәсібінің карточкасы

Кәсіптің коды

-

Кәсіптің атауы

Нұсқаушы-бақылаушы

СБШ бойынша біліктілік деңгейі

5

Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту ұйымдарының басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес кәсіптің біліктілік деңгейі

-

Кәсіптік білім деңгейі

Жоғары, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жалпы орта білім, жұмыс өтілі бойынша талаптарды қоюсыз

1-еңбек функциясы:
Ұлттық санақтарды жүргізуді ұйымдастыру және оған қатысу

1-міндет:
Ұлттық санақтарды жүргізу кезінде еңбек ресурстарын, сауал салу уақытын бөлу

Икемділіктер мен дағдылар:
1. Алғашқы статистикалық деректерді алу
2. Жиналған алғашқы статистикалық деректердің сапасын және олардың ДК, планшет, интернет-ресурс арқылы енгізілуін бақылау
3. Жұмыста ДК-ны, планшетті, офистік көшірмелеуді, аудио және бейне техниканы пайдалану
4. Барлық мүдделі тараптармен өзара қарым-қатынас құру

Білімі:
1. Ұлттық санақты ұйымдастыру және жүргізу бойынша әдіснамалық және нұсқамалық құжаттар
2. Алғашқы статистикалық деректермен жұмыс істеу қағидаттары
3. Алғашқы статистикалық деректерді жинау процесін ұйымдастыру
4. Жұмыс процестерін жоспарлау мен ұйымдастыру негіздері
5. Еңбекті ұйымдастыру мен басқарудың, еңбек заңнамасының негіздері; ішкі еңбек тәртібінің қағидалары; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария, өрт қауіпсіздігі талаптары
6. Іскерлік қарым-қатынас дағдылары
7. Заманауи электрондық ресурстар жұмысының негіздері: электрондық пошта, интернет-ресурс, бағдарламалық қамтамасыз ету

2-міндет:
Ұлттық санақтарды жүргізуге қатысу

Икемділіктер мен дағдылар:
1. Жұмыс кезеңдерін ұйымдастыру және бақылау
2. Алғашқы статистикалық деректердің құпиялылығын сақтау

Білімі:
1. Қазақстан Республикасының ұлттық санақ саласындағы заңнамалық және басқа да нормативтік құқықтық актілері
2. Ұлттық санақтарды ұйымдастыру және жүргізу бойынша әдіснамалық және нұсқамалық құжаттар
3. Еңбекті ұйымдастыру негіздері
4. Тілді білу (грамматика, лексика)
5. Іскерлік қарым-қатынас дағдылары

2-еңбек функциясы:
Ұлттық санақтарды жүргізу кезінде алғашқы статистикалық деректерді жинауға, интервьюер жұмысының сапасын бақылауға оқыту

1-міндет:
Интервьюерлерді оқыту

Икемділіктер мен дағдылар:
1. Мүдделі тараптармен өзара қарым-қатынас құру
2. Оқытуды ұйымдастыру және жүргізу
3. Қолжетімді дереккөздерден қажетті ақпаратты табу

Білімі:
1. Қазақстан Республикасының ұлттық санақтар мәселелері бойынша заңнамалық және басқа да нормативтік құқықтық актілері
2. Сұхбат алудың базалық дағдылары
3. Ұлттық санақтарды ұйымдастыру және жүргізу бойынша әдіснамалық және нұсқамалық құжаттар

2-міндет: Интервьюерлер жұмысының сапасына бақылау жүргізу

Икемділіктер мен дағдылар:
1. Санақ парақтарының толық толтырылуын, алынған алғашқы статистикалық деректердің қамтылуы мен анықтығын бақылау
2. Тізімдемелер мен есептер жасау
3. Жұмыста ДК, планшетті, офистік көшірмелеуді, аудио және бейне техниканы пайдалану

Білімі:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 11 қазандағы №1049 қаулысымен бекітілген Ұлттық санақтарды жүргізу қағидалары мен мерзімдері
2. Ереженің 17-тармағы 266-49) тармақшасына сәйкес мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның ведомствосы бекітетін санақ парақтары
3. Бақылау іс-шараларын жүргізу бойынша әдіснамалық және нұсқамалық құжаттар

Жеке құзыреттеріне қойылатын талаптар

Талдамалық пайымдау
Ықпал ету
Командада жұмыс істеу
Қарым-қатынас құру
Ауызша және жазбаша коммуникация
Жауапкершілік
Әдептілік нормаларын ұстану
Әдістемені игеру
Нормативтілік
Нәтижеге бағдарлану

СБШ шеңберінде басқа кәсіптермен байланыс

6-деңгей

Ұлттық санақтарға дайындық және оны жүргізу жөніндегі нұсқаушы

7-деңгей

Ұлттық санақтарға дайындық және оны жүргізу бөлімінің басшысы

СК-мен байланыс

-

-


"Ұлттық санақтарға дайындық және оны жүргізу жөніндегі нұсқаушы" кәсібінің карточкасы

Кәсіптің коды

-

Кәсіптің атауы

Ұлттық санақтарға дайындық және оны жүргізу жөніндегі нұсқаушы

СБШ бойынша біліктілік деңгейі

6

Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту ұйымдарының басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес кәсіптің біліктілік деңгейі

-

Кәсіптік білім деңгейі

Жоғары, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жалпы орта білім, жұмыс өтілі бойынша талаптарды қоюсыз

1-еңбек функциясы:
Ұлттық санақтарды жүргізу бойынша жұмысты ұйымдастыру

1-міндет:
Ұлттық санақтарды жүргізуді ұйымдастыру және бақылау

Икемділіктер мен дағдылар:

1. Дайындық іс-шаралары мен алғашқы статистикалық деректер жинауды қамтитын жұмысты ұйымдастыру
2. Мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл жасау
3. Алғашқы статистикалық деректерді ұсынудың анықтығы мен уақтылылығын қамтамасыз ету процесін бақылау
4. Жұмыста ДК, планшетті, офистік көшірмелеуді, аудио және бейне техниканы пайдалану
5. Жұмысты ұйымдастыру процесін жақсарту бойынша ұсыныстар енгізу
6. Алғашқы статистикалық деректердің құпиялылығын сақтау

Білімі:
1. Қазақстан Республикасының ұлттық санақтар мәселелері бойынша заңнамалық және басқа да нормативтік құқықтық актілері
2. Еңбекті ұйымдастыру мен басқарудың, еңбек заңнамасының негіздері; ішкі еңбек тәртібінің қағидалары; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария, өрт қауіпсіздігі талаптары
3. Тілді білу (грамматика, лексика)
4. Іскерлік қарым-қатынас дағдылары
5. Жұмыс процесін жоспарлау мен ұйымдастыру негіздері
6. Алғашқы статистикалық деректермен жұмыс істеу негіздері
7. Алғашқы статистикалық деректерді жинау процесін ұйымдастыру
8. Планшет, интернет-ресурс немесе қағаз жеткізгіштер арқылы алғашқы статистикалық деректерді енгізу процесі
9. Aлынған алғашқы статистикалық деректердің сапасын бақылау рәсімдері

2-еңбек функциясы: Нұсқаушы-бақылаушыларды және интервьюерлерді іздеу, іріктеу және оқыту

1-міндет: Нұсқаушы-бақылаушыларды және интервьюерлерді іздеу, іріктеу

Икемділіктер мен дағдылар:
1. Әлеуетті кандидаттардың мақсатты топтарын айқындау
2. Іздеу жүйелерін, коммуникация арналарын айқындау және кандидаттарды тарту мақсатында тиісті іс-шаралар өткізу
3. Мүдделі тараптармен өзара қарым-қатынас құру
4. Кандидаттармен әңгімелесу жүргізу
5. Жазбаша түрде ақпаратты алу, өңдеу және беру

Білімі:

1. Қазақстан Республикасының ұлттық санақтарды жүргізу мәселелері бойынша заңнамалық және басқа да нормативтік құқықтық актілері
2. Жеке және кәсіби құзыреттерді қоса алғанда, лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптары
3. Әлеуетті кандидаттардың мақсатты топтары
4. Іздеу жүйелерінің түрлері және олардың сипаттамалары
5. Әлеуетті кандидаттармен коммуникация арналарының түрлері және олардың сипаттамалары
6. Әлеуетті кандидаттарды тартуға арналған іс-шаралардың түрлері
7. Интервьюер ретінде адамдарды тарту қағидалары

2-міндет:
Планшет, интернет-ресурс немесе қағаз жеткізгіштер арқылы санақ деректерінің базасына алғашқы статистикалық деректерді жинау және енгізу мәселелері бойынша нұсқаушы-бақылаушылар-мен және интервьюерлермен оқыту жүргізу

Икемділіктер мен дағдылар:
1. Оқытуды ұйымдастыру және жүргізу
2. Қажетті ақпаратты ұсыну
3. Әдіснамалық және нұсқамалық құжаттармен жұмыс
4.Оқып жүргендерге кері байланысты ұсыну
5. Жоспарланған нәтижелерге қол жеткізу және процестерді үнемі жақсарту бойынша ұсынымдар беру

Білімі:

1. Планшет, интернет-ресурс немесе қағаз жеткізгіштер арқылы санақ деректерінің базасына алғашқы статистикалық деректерді жинау және енгізу процесін ұйымдастыру
2. Ұлттық санақтарды ұйымдастыру және жүргізу бойынша әдіснамалық және нұсқамалық құжаттар

Жеке құзыреттеріне қойылатын талаптар

Көшбасшылық
Талдамалық пайымдау
Кәсіпқойлық
Нормативтілік
Ықпал ету
Жоспарлау және ұйымдастыру
Жауапкершілік
Нәтижеге бағдарлану
Командада жұмыс
Ауызша және жазбаша коммуникация
Әдептілік нормаларын ұстану
Эмпатия
Клиентке бағдарлану

СБШ шеңберінде басқа кәсіптермен байланыс

7-деңгей

Ұлттық санақтарға дайындық және оны жүргізу бөлімінің басшысы

СК-мен байланыс

-

-


"Ұлттық санақтарға дайындық және оны жүргізу бөлімінің басшысы"
кәсібінің карточкасы

Кәсіптің коды

-

Кәсіптің атауы

Ұлттық санақтарға дайындық және оны жүргізу бөлімінің басшысы

СБШ бойынша біліктілік деңгейі

7

Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту ұйымдарының басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес кәсіптің біліктілік деңгейі

-

Кәсіптік білімнің деңгейі

Білім мамандығы бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, гуманитарлық ғылымдар, құқық, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, жаратылыстану ғылымдары, техникалық ғылымдар және технология, ауыл шаруашылығы ғылымдары, көрсетілетін қызметтер және мамандығы бойынша жұмыс өтілі 3 жылдан кем емес

1-еңбек функциясы:
Ұлттық санақтарға дайындық және оны жүргізу бөлімін басқару

1-міндет: Жалпы бөлімді басқару, ағымдағы жоспарлау және жұмысты ұйымдастыру

Икемділіктер мен дағдылар:
1. Жұмыскерлердің қызметін үйлестіруді, міндеттерді бөлу мен олардың орындалуын бақылауды, орындалу мерзімдері мен сапасын сақтауды қамтитын жұмыстарды жоспарлау және ұйымдастыру
2. Мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл жасау
3. Мүдделі тараптармен келіссөздер жүргізу
4. Алғашқы статистикалық деректердің құпиялылығын сақтау

Білімі:
1. Ұлттық санақтарды жүргізу мәселелері бойынша заңнамалық және басқа да нормативтік құқықтық актілер
2. Жұмысты ұйымдастыру бойынша құқықтық актілер
3. Іскерлік қарым-қатынас дағдылары
4. Сапаны бақылау рәсімдері
5. Еңбекті ұйымдастыру процестерін жоспарлау және ұйымдастыру және персоналды басқару негіздері

2-міндет: Ұлттық санақтарға дайындық және оны жүргізу жөніндегі нұсқаушыларды, нұсқаушы-бақылаушыларды, интервьюерлерді іздеу, іріктеу және оқыту

Икемділіктер мен дағдылар:
1. Әлеуетті кандидаттардың мақсатты топтарын айқындау
2. Іздеу жүйелерін, коммуникация арналарын айқындау және кандидаттарды тарту мақсатында тиісті іс-шаралар өткізу
3. Мүдделі тараптармен өзара қарым-қатынас құру
4. Кандидаттармен әңгімелесу жүргізу

Білімі:
1. Кандидаттарды іздеу, іріктеу және оқыту мәселелерін реттейтін нормативтік және құқықтық актілер
2. Іздеу жүйелерінің түрлері және олардың сипаттамалары
3. Әлеуетті кандидаттардың мақсатты топтары
4. Әлеуетті кандидаттармен коммуникация арналарының түрлері және олардың сипаттамалары
5. Әлеуетті кандидаттарды тартуға арналған іс-шаралардың түрлері және оның сипаттамалары
6. Кандидаттарды іріктеу және бағалау қағидалары

2-еңбек функциясы:
Ұлттық санақтарды жүргізу процесін мониторингілеу және бақылау

1-міндет:
Ұлттық санақтарды жүргізу процесін ұйымдастыруды бақылау және мониторингілеу

Икемділіктер мен дағдылар:
1. Ұлттық санақтарды жүргізу
2. Жүргізу кезеңдерінің сақталуына бақылау жүргізу
3. Ұлттық санақтарды жүргізу әдісіне байланысты деректер дайындауды және жинауды қамтитын алғашқы статистикалық деректерді жинау бойынша жұмысты ұйымдастыру
4. Алынған алғашқы статистикалық деректердің сапасына бақылау жүргізу
5. Жұмыста ДК, планшетті, офистік көшірмелеуді, аудио және бейне техниканы пайдалану
6. Мүдделі тараптармен өзара қарым-қатынас құру

Білімі:
1. Ұлттық санақтарды ұйымдастыру және жүргізу бойынша әдіснамалық және нұсқамалық құжаттар
2. Объектілер тізімін қалыптастыру
3. Заманауи электрондық ресурстар технологияларының негіздері: электрондық пошта, интернет-ресурс.
4. Алғашқы статистикалық деректерді жинау процесін ұйымдастыру
5. Жұмыс процесін жоспарлау мен ұйымдастырудың негіздері

2-міндет:
Ұлттық санақтарды жүргізу кезінде респонденттерді және (немесе) үй шаруашылықтарын қамтуды бақылау

Икемділіктер мен дағдылар:
1. Ұлттық санақтарды жүргізу кезеңдерін ұйымдастыру және бақылау
2. Алғашқы статистикалық деректерді ұсыну кезінде оның анықтығы мен уақтылылығын қамтамасыз ету
3. Толық қамтуды бақылау

Білімі:
1. Ұлттық санақтарды ұйымдастыру және жүргізу бойынша әдіснамалық және нұсқамалық құжаттар
2. Ұлттық санақтарды жүргізу жөніндегі халықаралық ұсынымдар
3. Жұмыс процестерін жоспарлау мен ұйымдастырудың негіздері
4. Заманауи электрондық ресурстар технологияларының негіздері: электрондық пошта, интернет-ресурс

Жеке құзыреттіліктеріне қойылатын талаптар

Көшбасшылық
Стратегиялық пайымдау
Талдамалық пайымдау
Кәсіпқойлық
Нормативтілік
Ықпал ету
Сана-сезім
Жоспарлау және ұйымдастыру
Шешімдер қабылдау
Жауапкершілік
Нәтижеге бағдарлану
Командада жұмыс
Ауызша және жазбаша коммуникация
Эмпатия
Клиентке бағдарлану

СБШ шеңберінде басқа кәсіптермен байланыс



СК-мен байланыс

-

-


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады