Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын межелеу мен шегендеуді жүргізуді техникалық қамтамасыз ету туралы қағидаларды бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 22 қаңтардағы № 21/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 27 қаңтарда № 19930 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 22 ақпандағы № 61/НҚ бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 22.02.2023 № 61/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Геодезия және картография туралы" 2002 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 7-3)-тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын межелеу мен шегендеуді жүргізуді техникалық қамтамасыз ету туралы қағидалар бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Геодезия және картография комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер беруді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрі
А. Жумагалиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Сыртқы істер министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық қауіпсіздік комитеті

  Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш
өнеркәсібі министрінің
2019 жылғы 22 қаңтардағы
№ 21/НҚ бұйрығына
қосымша

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын межелеу мен шегендеуді жүргізуді техникалық қамтамасыз ету туралы қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын межелеу мен шегендеуді жүргізуді техникалық қамтамасыз ету туралы қағидалар (бұдан әрі – Қағидалар) "Геодезия және картография туралы" 2002 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 7-3) тармақшасына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын межелеу мен шегендеуді жүргізуді техникалық қамтамасыз ету (бұдан әрі – техникалық қамтамасыз ету) тәртібін айқындайды.

      2. Техникалық қамтамасыз етудің мақсаты картографиялық, геодезиялық, топографиялық, гидрографиялық және аэрофототүсірілім жұмыстары болып табылады.

      3. Техникалық қамтамасыз етуді геодезия және картография саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысты ұйымы жүзеге асырады.

      4. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) аэрофототүсірілім жұмыстары – картаға түсіру, дешифрлеу және топографиялық карталарды жаңарту үшін аэрофотоаппараттың көмегімен әуе кемелерінен және басқа да ұшу аппараттарынан жерді фотосуретке түсіру;

      2) геодезиялық желі – жергілікті жерде арнаулы орталықтармен және белгілермен бекітілген жер бетіндегі пункттер жүйесі, олардың өзара жағдайы жоспарлық тұрғыда геодезиялық қызмет нәтижесінде белгіленген;

      3) гидрографиялық жұмыстар – фарватерді анықтау, жағалау сызығын түсіру, су кесектерін анықтау, өзендерде, көлдерде және су айдындарында тереңдікті өлшеу жөніндегі жұмыстар кешені;

      4) картографиялық жұмыстар – топографиялық түсірудің нәтижелері бойынша немесе бастапқы картографиялық материалдар бойынша картографиялық өнім жасау, сондай-ақ цифрлық және электрондық карталар жасау мақсаты болып табылатын жұмыстардың санаты;

      5) қайта шегендеу – жоғалған шекаралық белгілерді қалпына келтіру және ескіргендерін жөндеу, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта ресімделген қосымша шекара белгілерін орнату;

      6) межелеу – Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта ресімделген және осы халықаралық шартқа қоса берілетін карталарда графика түрінде бейнеленген, Мемлекеттік шекараның жағдайы мен бағытын шектес мемлекеттер арасындағы келісім бойынша айқындау;

      7) топографиялық-геодезиялық жұмыстар – мақсаты топографиялық түсіру, координаталар мен биіктіктерді анықтау, жергілікті жерді далалық дешифрлеу және топографиялық карталар мен жоспарларды жаңарту болып табылатын далалық және камералдық жұмыстардың санаты;

      8) шегендеу – Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта ресімделген, жергілікті жерде Мемлекеттік шекараны айқындау және белгілеу.

2-тарау. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын межелеуді жүргізуді техникалық қамтамасыз ету тәртібі

      5. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын (бұдан әрі – Мемлекеттік шекара) межелеуді картографиялық қамтамасыз етуге:

      1) қажетті картографиялық (анықтамалық) материалдармен қамтамасыз ету;

      2) картаға Мемлекеттік шекара сызығын салу бойынша картографиялық жұмыстарды жүргізу;

      3) Қазақстан Республикасы мен шектес мемлекеттер арасындағы Мемлекеттік шекара сызығының өту сипаттамасын (бұдан әрі – Шекараның сипаттамасы) жасау кіреді.

      6. Картографиялық (анықтамалық) материалдарға:

      1) Қазақстан Республикасы мен шектес мемлекеттер арасындағы Мемлекеттік шекарадан өтуді белгілейтін халықаралық шарттар мен келісімдер;

      2) Жерді қашықтықтан зондтау материалдары;

      3) топографиялық карталар;

      4) Мемлекеттік шекараның ережесін нақтылайтын жер және орман кадастрының жоспарлары;

      5) жерді графикалық есепке алу материалдары;

      6) екіжақты үкіметтік келісімдер негізінде жер пайдалану материалдары;

      7) Мемлекеттік шекарадан өту ауданына қалалар мен басқа да елді мекендердің жоспарлары жатады.

      7. Картаға Мемлекеттік шекара сызығын салу жөніндегі картографиялық жұмыстар мынадай ретпен жүзеге асырылады:

      1) басылымның соңғы жылдарындағы қажетті масштабтағы топографиялық карталарды (жекелеген жағдайларда ірі масштабтағы топографиялық карталардың фрагменттерін іріктеу);

      2) Мемлекеттік шекара сызығын шартты учаскелерге бөлу:

      3) жұмыс топографиялық карталарына жерді пайдалануды шектеу сызығын және Мемлекеттік шекара сызығын салу;

      4) Мемлекеттік шекара сызығын қорытынды топографиялық карталарға (бұдан әрі – межелеу карталары) көшіру және межелеу карталарын жұмыс топографиялық карталарымен салыстырып тексеру.

      8. Шекараның сипаттамасын жасау жергілікті жердегі бұрылыс нүктелерінің координаталарын (географиялық) көрсете отырып, Мемлекеттік шекара сызығының өтуін сипаттау жолымен жүзеге асырылады.

3-тарау. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын шегендеуді жүргізуді техникалық қамтамасыз ету тәртібі

      9. Мемлекеттік шекараны шегендеуді аэрофототүсіріліммен қамтамасыз ету шекара маңындағы жолаққа аэрофототүсірілім жүргізуді көздейді (қажет болған жағдайда Жерді қашықтықтан зондтау материалдары пайдаланылуы мүмкін).

      10. Мемлекеттік шекараны шегендеуді топографиялық-геодезиялық қамтамасыз етуге:

      1) Мемлекеттік шекара жолағында геодезиялық желінің болуы мен жай-күйін тексеру;

      2) шекара белгілерін орнату орындарының графикалық жобасын жасау (межелеу картасына шекара белгілерін орнату орнын салу);

      3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 8 қарашадағы № 1181 қаулысымен бекітілген Шекара белгілерін орнату қағидаларына сәйкес шекара белгілерін орнату орындарын айқындау, оларды жергілікті жерде бекіту;

      4) шекара белгілерінің координаталары мен биіктігін анықтау;

      5) межелеу картасын жасау жөніндегі далалық топографиялық-геодезиялық жұмыстарды жүргізу кіреді.

      11. Мемлекеттік шекараны шегендеуді гидрографиялық қамтамасыз ету шекаралық өзендер мен көлдерде (су қоймаларында) гидрографиялық жұмыстар жүргізуді көздейді.

      12. Мемлекеттік шекараны шегендеуді картографиялық қамтамасыз етуге:

      1) шегендеу жұмыс картасын жасау;

      2) шегендеу жұмыс картасына шекара белгілерін салу;

      3) шегендеу картасына Мемлекеттік шекара сызығын салу;

      4) шегендеу жұмыс картасының негізінде Мемлекеттік шекара картасын жасау;

      5) Мемлекеттік шекара картасын шығаруға дайындау;

      6) Мемлекеттік шекара картасын басып шығару кіреді.

      13. Шегендеуді жүргізуді техникалық қамтамасыз етудің нәтижесі:

      1) шекара белгілерін орнату;

      2) Мемлекеттік шекараның шегендеу карталарын құру;

      3) шекара белгілерінің хаттамаларын жасау;

      4) шекара бағаналарының өзара орналасу схемаларын жасау;

      5) Мемлекеттік шекараның жекелеген учаскелеріне ірі ауқымды жоспарлар (схемалар) құру;

      6) шекара белгілерінің координаталары мен биіктіктерінің каталогын жасау;

      7) шекараның сипаттамасын дайындау болып табылады.

      14. Техникалық қамтамасыз ету нәтижелері Қазақстан Республикасының және шектес мемлекеттердің өкілдерінен Мемлекеттік шекараны межелеуге, шегендеуге және қайта шегендеуге байланысты іс-әрекеттерді жүзеге асыру жөнінде құрылатын бірлескен комиссияға беріледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады