Заңды тұлғалардың банктік шоттардан қолма-қол ақшаны алу, белгіленген шекті мөлшерден артық қолма-қол ақшаны алу және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне заңды тұлғалардың белгіленген шекті мөлшерден артық қолма-қол ақшаны алуы туралы ақпаратты ұсыну тәртібі туралы

Мерзімі біткен

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 21 сәуірдегі № 51, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 54 және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 435 бірлескен қаулысы мен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 30 сәуірде № 20544 болып тіркелді. Бірлескен қаулысы мен бұйрығы 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданыста болды.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қаулының қолданыста болу мерзімі - 31.12.2020 аралығында қолданылады (осы бұйрықтың 5-т. қараңыз).

      "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына және "Экономиканы тұрақтандырудың кейбір шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 21 сәуірдегі № 308 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармалары ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қазақстан Республикасының Қаржы министрі БҰЙЫРАДЫ:

      1. Заңды тұлғалардың банктік шоттардан қолма-қол ақшаны алуының, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20494 болып тіркелген "Заңды тұлғалардың банктік шоттардан күнтізбелік ай ішінде қолма-қол ақшаны алу сомасының шекті мөлшері және банктік шоттардан қолма-қол ақшаны алу жөніндегі талап қолданылмайтын заңды тұлғалардың санаттары туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 21 сәуірдегі № 50 қаулысына (бұдан әрі - № 50 қаулы) сәйкес белгіленген шекті мөлшерден артық қолма-қол ақшаны алуының және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне заңды тұлғалардың белгіленген шекті мөлшерден артық қолма-қол ақшаны алуы туралы ақпаратты ұсынудың мынадай тәртібі айқындалсын:

      1) заңды тұлғалардың банктік шоттарын ашуды және жүргізуді жүзеге асыратын қаржы ұйымының бір клиентінің банктік шоттардан қолма-қол ақшаны алуға арналған өтінімдері ағымдағы күнтізбелік ай ішінде № 50 қаулыға сәйкес белгіленген мөлшерден аспайтын сомаға, оның ішінде ағымдағы күнтізбелік айда бұрын орындауға қабылданған банктік шоттардан қолма-қол ақшаны алуға арналған өтінімнің (өтінімдердің) сомасын ескере отырып орындалады;

      2) санаттары № 50 қаулыда айқындалған, банктік шоттардан қолма-қол ақшаны алудың шекті мөлшері жөніндегі талап қолданылмайтын заңды тұлғаларды қоспағанда, күнтізбелік ай ішінде заңды тұлғалардың банктік шоттардан қолма-қол ақшаны алуға рұқсат етілетін сома мөлшерін арттыруға жиынтығында мына талаптарды сақтаған кезде рұқсат беріледі:

      банктік шоттан қолма-қол ақшаны алу мақсатын растайтын құжаттардың болуы;

      заңды тұлғаның Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне және (немесе) оның аумақтық бөлімшелеріне (бұдан әрі - мемлекеттік кірістер органы) деректерді беруге келісімді ұсынуы;

      заңды тұлғалардың банктік шоттарын ашуды және жүргізуді жүзеге асыратын қаржы ұйымының мемлекеттік кірістер органынан белгіленген шекті мөлшерден асатын қолма-қол ақшаны беруден бас тарту үшін негіздердің жоқтығы туралы мәліметтер алуы;

      3) заңды тұлғалардың банктік шоттарын ашуды және жүргізуді жүзеге асыратын қаржы ұйымы қолма-қол ақшаны алуға өтінім берілген күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмеген мерзімде мемлекеттік кірістер органына заңды тұлғаның банктік шоттан қолма-қол ақшаны алу мақсатын растайтын құжаттарды және банктік шоттан қолма-қол ақшаны алуға өтінім берген заңды тұлғаның уәкілетті өкілінің жеке сәйкестендіру нөмірі болуға тиіс өтінімді жібереді;

      4) мемлекеттік кірістер органы осы тармақтың 3) тармақшасында көзделген мәліметтер мен құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде заңды тұлғалардың банктік шоттарын ашуды және жүргізуді жүзеге асыратын қаржы ұйымына белгіленген шекті мөлшерден асатын қолма-қол ақшаны беруден бас тарту үшін негіздердің болуы не болмауы туралы мәліметтерді жазбаша және (немесе) электрондық нысанда жібереді;

      5) мемлекеттік кірістер органы тәуекелдерді басқару жүйесін қолдануды ескере отырып, мынадай:

      төмен тәуекел дәрежесі бойынша - қолма-қол ақшаны беруден бас тарту үшін негіздердің болмауы туралы;

      жоғары тәуекел дәрежесі бойынша - қолма-қол ақшаны беруден бас тарту үшін негіздердің болуы туралы шешімдердің біреуін шығарады.

      Заңды тұлға белгіленген шекті мөлшерден асатын қолма-қол ақшаны алуға өтінім берген күннен бастап үш жұмыс күнінен астам мерзім болуы және мемлекеттік кірістер органынан белгіленген шекті мөлшерден асатын қолма-қол ақшаны беруден бас тарту үшін негіздердің болуы не болмауы туралы мәліметтердің болмауы белгіленген шекті мөлшерден асатын қолма-қол ақшаны беру үшін негіз болып табылады;

      6) осы тармақтың 5) тармақшасын іске асыру мақсатында мемлекеттік кірістер органы 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексінің) 136-бабының 1-тармағында көзделген тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану үшін конфиденциалды ақпарат болып табылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын әзірлейді;

      7) № 50 қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап № 50 қаулы қолданысқа енгізілген күнтізбелік ай аяқталғанға дейінгі кезеңде заңды тұлғалардың банктік шоттардан қолма-қол ақша алуы № 50 қаулыда белгіленген сома мөлшерінің шегінде жүзеге асырылады;

      8) заңды тұлғалардың банктік шоттарын ашуды және жүргізуді жүзеге асыратын қаржы ұйымдары ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың он бесінші күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне осы қаулыға қосымшаға сәйкес нысан бойынша күнтізбелік ай ішінде заңды тұлғалар банктік шоттардан жиынтығында 10 000 000 (он миллион) теңгеден астам сомаға қолма-қол ақшаны алуды жүзеге асырған соманың мөлшері туралы мәліметтерді жібереді;

      9) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі заңды тұлғалардың банктік шоттарынан күнтізбелік ай ішінде қолма-қол ақшаны алуға рұқсат етілген шегінде белгіленген сома мөлшерінен асырған заңды тұлғаларды айқындау үшін заңды тұлғалардың банктік шоттарын ашуды және жүргізуді жүзеге асыратын қаржы ұйымдары және банктік шоттардан қолма-қол ақша алуды жүзеге асырған заңды тұлғалар бөлігінде бизнес сәйкестендіру нөмірлері негізінде осы тармақтың 8) тармақшасында көрсетілген деректерді жинақтайды. Жиынтық деректер тәуекелдерді басқару жүйесінде пайдалану үшін мемлекеттік кірістер органына және заңды тұлғалардың банктік шоттарын ашуды және жүргізуді жүзеге асыратын қаржы ұйымдары осы қаулыда көзделген заңды тұлғалардың банктік шоттардан қолма-қол ақшаны алу тәртібін сақтауын бақылау үшін Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне электрондық нысанда жіберіледі.

      2. Қолма-қол ақша айналысы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2) тармақшасында және 3-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Ақпарат және коммуникациялар департаменті - Ұлттық Банктің баспасөз қызметі осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін екі жұмыс күні ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына және Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы қаулы 2020 жылғы 1 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі және 2020 жылғы 31 желтоқсан аралығында қолданылады.

Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту Агенттігінің Төрағасы
__________М. Абылкасымова

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің Бірінші
Орынбасары- Қаржы министрі
__________А. Смаилов

Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің Төрағасы
__________Е. Досаев


      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігінің

      Статистика комитеті

      2020 жылғы "____" ____________

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2020 жылғы 21 сәуірдегі № 51
және Қазақстан
Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту агенттігі
Басқармасының
2020 жылғы 29 сәуірдегі
№ 54 қаулыларына
және Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2020 жылғы 29 сәуірдегі
№ 435 бұйрығына
қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

      Нысан қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне

      Әкімшілік деректер нысаны www.nationalbank.kz ресми интернет ресурсында орналастырылған

Күнтізбелік ай ішінде заңды тұлғалар банктік шоттардан жиынтығында 10 000 000 (он миллион) теңгеден астам сомаға қолма-қол ақшаны алуды жүзеге асырған соманың мөлшері туралы мәліметтер

      Әкімшілік деректер нысанының индексі: СНД ЮР

      Кезеңділігі: ай сайын

      Есепті кезең: 20____ жылғы "_____"____________ жағдай бойынша

      Мәліметтерді ұсынатын тұлғалар тобы: заңды тұлғалардың банктік шоттарын ашуды және жүргізуді жүзеге асыратын қаржы ұйымдары.

      Ұсыну мерзімі: ай сайын, есептік айдан кейінгі айдың он бесінен кешіктірмей.

  Нысан

      Заңды тұлғалардың банктік шоттарын ашуды және жүргізуді жүзеге асыратын қаржы ұйымының БСН

      _________________

  мың теңге


Заңды тұлғалардың банктік шоттарын ашуды және жүргізуді жүзеге асыратын қаржы ұйымының клиенті туралы ақпарат

БСН

Атауы

Субъект түрінің коды

ЭҚЖЖ коды

Заңнамада көзделген қолма-қол ақшаны алудың айлық лимиті

Заңды тұлғалардың банктік шоттарын ашуды және жүргізуді жүзеге асыратын қаржы ұйымы белгілеген қолма-қол ақшаны алудың бір айлық лимиті

1

2

3

4

5

6

7

      Кестенің жалғасы

Есепті айда алынған сома

Алынған жиынтығы

Оның ішінде қолма-қол шетел валютасы

Оның ішінде өңірлер бойынша

Нұр-Сұлтан қ.

Алматы қ.

Шымкент қ.

Ақмола облысы

Ақтөбе облысы

Алматы облысы

Атырау облысы

8

9

10

11

12

13

14

15

16

      Кестенің жалғасы

Есепті айда алынған сома

Оның ішінде өңірлер бойынша

Шығыс Қазақстан облысы

Жамбыл облысы

Батыс Қазақстан облысы

Қарағанды облысы

Қостанай облысы

Қызылорда облысы

Маңғыстау облысы

Павлодар облысы

Солтүстік Қазақстан облысы

Түркістан облысы

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

      Атауы________________ Мекенжайы____________________________________

      Телефоны ___________________________________________________________

      Электрондық поштасының мекенжайы __________________________________

      Орындаушы_______________________________________      ______________

      тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса)            телефоны

      Бас бухгалтер немесе нысанға қол қоюға уәкілетті адам

      __________________________________________            _______________

      тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса)                  қолы, телефоны

      Бірінші басшы немесе ол нысанға қол қоюға уәкілеттік берген адам

      ___________________________________________            _______________

      тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса)                  қолы, телефоны

      Күні 20__ жылғы "____" ______________

  Күнтізбелік ай ішінде заңды
тұлғалар банктік шоттардан
жиынтығында 10 000 000
(он миллион) теңгеден астам
сомаға қолма-қол ақшаны алуды
жүзеге асырған соманың
мөлшері туралы мәліметтер
нысанына қосымша

Әкімшілік деректер нысанын толтыру бойынша түсіндірме

Күнтізбелік ай ішінде заңды тұлғалар банктік шоттардан жиынтығында 10 000 000 (он миллион) теңгеден астам сомаға қолма-қол ақшаны алуды жүзеге асырған соманың мөлшері туралы мәліметтер (индексі - СНД ЮР, кезеңділігі - ай сайын)

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме (бұдан әрі - Түсіндірме) "Заңды тұлғалардың банктік шоттардан қолма-қол ақшаны алу жөніндегі мәліметтер" әкімшілік деректер нысанын (бұдан әрі - Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. Нысан "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 69) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      3. Нысанды заңды тұлғалардың банктік шоттарын ашуды және жүргізуді жүзеге асыратын қаржы ұйымы әр айдың біріндегі жағдай бойынша ай сайын жасайды. Нысандағы деректер мың теңгемен толтырылады.

      4. Нысанға бірінші басшы, бас бухгалтер немесе Нысанға қол қоюға уәкілетті адамдар қол қояды.

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      5. Нысан қазақ және орыс тілдерінде толтырылады.

      6. Нысанда заңды тұлғалардың, оның ішінде өңірлер бойынша банктік шоттардан қолма-қол ақшаны алуы туралы ақпарат қамтылады.

      7. Егер тиісті көрсеткішке Түсіндірмеде өзгеше келісілмесе, барлық көрсеткіштер толтыру үшін міндетті болып табылады.

      8. 1-бағанда күнтізбелік ай ішінде жалпы сомасы 10 000 000 (он миллион) теңгеден артық қолма-қол ақшаны алуды жүзеге асырған заңды тұлғалардың операциялары бойынша хабарламаның реттік сандық нөмірі, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ұсынылатын ақпарат көрсетіледі. Операцияның реттік нөмірі хабарламалар ұсынылған күнтізбелік ай ішінде сандық форматтағы "1" санынан бастап, өсу ретімен қалыптасады.

      9. 2-бағанда күнтізбелік ай ішінде жалпы сомасы 10 000 000 (он миллион) теңгеден асатын қолма-қол ақшаны алуды жүзеге асырған заңды тұлғаның бас бөлімшесінің бизнес сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.

      10. 3-бағанда күнтізбелік ай ішінде жалпы сомасы 10 000 000 (он миллион) теңгеден асатын қолма-қол ақшаны алуды жүзеге асырған заңды тұлғаның бас бөлімшесінің атауы көрсетіледі.

      11. 4-бағанда күнтізбелік ай ішінде жалпы сомасы 10 000 000 (он миллион) теңгеден асатын қолма-қол ақшаны алуды жүзеге асырған кәсіпкерлік субъектілерінің түрінің коды көрсетіледі:

      Код - 01 заңды тұлға шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін, оның ішінде микро кәсіпкерлік субъектісіне беріледі;

      Код - 04 заңды тұлға орта кәсіпкерлік субъектілері үшін беріледі;

      Код - 07 заңды тұлға ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін беріледі.

      12. 5-бағанда күнтізбелік ай ішінде жалпы сомасы 10 000 000 (он миллион) теңгеден артық қолма-қол ақшаны алуды жүзеге асырған заңды тұлғаның бас бөлімшесінің ЭҚЖЖ кодтары көрсетіледі.

      13. 6-бағанда осы қаулының 1-тармағында айқындалған күнтізбелік ай ішінде жалпы сомасы 10 000 000 (он миллион) теңгеден асатын қолма-қол ақшаны алуды жүзеге асырған заңды тұлғаның банктік шоттардан қолма-қол ақшаны алуды шектеудің ай сайынғы сомасы көрсетіледі:

      20 000 000 (жиырма миллион) теңге - егер заңды тұлға шағын кәсіпкерлік субъектісі болып табылса;

      120 000 000 (бір жүз жиырма миллион) теңге - егер заңды тұлға орта кәсіпкерлік субъектісі болып табылса;

      150 000 000 (бір жүз елу миллион) теңге - егер заңды тұлға ірі кәсіпкерлік субъектісі болып табылса.

      14. 7-бағанда заңды тұлғалардың банктік шоттарын ашуды және жүргізуді жүзеге асыратын қаржы ұйымы белгілеген күнтізбелік ай ішінде жалпы сомасы 10 000 000 (он миллион) теңгеден асатын қолма-қол ақшаны алуды жүзеге асырған заңды тұлғаның банктік шоттардан қолма-қол ақшаны алуды шектеудің ай сайынғы сомасы көрсетіледі.

      15. 8-бағанда қолма-қол шетел валютасын (операцияны жасаған күнгі нарықтық бағам бойынша теңгедегі баламасы) қоса алғанда, сондай-ақ корпоративтік банктік карталарды қолдана отырып, оның ішінде заңды тұлғаның оқшауландырылған бөлімшелерін (филиалдары мен басқаларды) ескере отырып, күнтізбелік ай ішінде жалпы сомасы 10 000 000 (он миллион) теңгеден асатын қолма-қол ақшаны алуды жүзеге асырған заңды тұлғаның банктік шоттардан қолма-қол ақшаны алудың жалпы нақты сомасы көрсетіледі. Бұл бағанның сомасы 10-26 бағандарының сомасына тең болуға тиіс.

      16. 9-бағанда заңды тұлғаның оқшауландырылған бөлімшелерін (филиалдары мен басқаларды) ескере отырып, күнтізбелік ай ішінде жалпы сомасы 10 000 000 (он миллион) теңгеден асатын қолма-қол ақшаны алуды жүзеге асырған заңды тұлғаның банктік шоттардан қолма-қол шетел валютасын алудың нақты сомасының (операция жасаған күнгі нарықтық бағам бойынша) баламасы теңгемен көрсетіледі. Баламасы теңгемен көрсетіледі.

      17. 10 - 26-бағандарда қолма-қол шетел валютасын (операцияны жасаған күнгі нарықтық бағам бойынша теңгедегі баламасы) қоса алғанда, сондай-ақ корпоративтік банктік карталарды қолдана отырып, оның ішінде заңды тұлғаның аймақтар бойынша оқшауландырылған бөлімшелерін (филиалдары мен басқаларды) ескере отырып, күнтізбелік ай ішінде жалпы сомасы 10 000 000 (он миллион) теңгеден асатын қолма-қол ақшаны алуды жүзеге асырған заңды тұлғаның банктік шоттардан қолма-қол ақшаны алудың жалпы нақты сомасы көрсетіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады