"Төмен тұрған құрамның әскери қызметшілерін, тиісті құрамның әскери міндеттілерін не азаматтарды бос әскери лауазымдарға уақытша тағайындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 751 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 2 қарашадағы № 597 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 5 қарашада № 21588 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Төмен тұрған құрамның әскери қызметшілерін, тиісті құрамның әскери міндеттілерін не азаматтарды бос әскери лауазымдарға уақытша тағайындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 751 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16189 болып тіркелген, 2018 жылғы 12 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Төмен тұрған құрамның әскери қызметшілерін, тиісті құрамның әскери міндеттілерін не азаматтарды бос әскери лауазымдарға уақытша тағайындау қағидаларында:

      4-тармақ алып тасталсын;

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Офицерлер құрамының бос әскери лауазымдарына мыналар уақытша тағайындалады:

      1) "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы"2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген шарттар болған кезде, сондай-ақ олардың бағынысында офицерлер болмаған жағдайда кемінде бес жыл үздіксіз әскери қызмет өтілі (медициналық қызметкерлер лауазымдарына тағайындалатын адамдарды қоспағанда), жоғары білімі және тиісті әскери есептік мамандықтың бейіні бойынша ұқсас мамандығы бар Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері төмен тұрған құрамының әскери қызметшілері;

      2) жоғары білімі және тиісті әскери есептік мамандықтың бейіні бойынша ұқсас мамандығы бар тиісті құрамның әскери міндеттілері, сондай-ақ азаматтар.".

      2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Кадрлар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрі
Н. Ермекбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады