Әкімшілік деректерді жинауға арналған "Нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізілген ғылыми сараптама туралы мәліметтер" нысанын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының 2020 жылғы 4 қарашадағы № 365 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министірлігінде 2020 жылғы 11 қарашада № 21618 болып тіркелді

      2010 жылғы 19 наурыздағы "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Әкімшілік деректерді жинауға арналған "Нормативтік құқықтық актілер жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізілген ғылыми сараптама туралы мәліметтер" нысаны бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) (бұдан әрі - Агенттік) Парасаттылық департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін, оны Агенттіктің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының бірінші орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігінің
(Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы қызмет) Төрағасы
А. Шпекбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      Статистика комитеті

  Қазақстан Республикасы
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігінің
(Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
қызмет) Төрағасы
2020 жылғы 4 қарашасы
№ 365 бұйрығымен
бекітілген

"Нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізілген ғылыми сараптама туралы мәліметтер" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысаны

      Нысан қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл агенттігіне (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке) (бұдан әрі - Агенттік).

      Әкімшілік деректер нысаны келесі интернет-ресурста орналастырылған:https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption?lang=kk

      Индекс: 1-НАЭ

      Кезеңділігі: ай сайын.

      Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес айқындалатын, нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізуді үйлестіру жүктелетін ғылыми мекеме немесе жоғары оқу орны (бұдан әрі – Үйлестіруші).

      Ұсыну мерзімі: есепті айдан кейінгі айдың 10-на дейін.

Жобаның атауы нормативтік құқықтық актінің

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама қорытындыларында ұсынылған ұсынымдардың жалпы саны

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу қорытындылары бойынша нормативтік құқықтық актілерде ескерілген ұсынымдардың жалпы саны

1

2

3

4

1





Үйлестірушінің атауы
_____________________________

Үйлестірушінің мекен-жайы
___________________________________

Үйлестірушінің байланыс телефоны
____________________________________________________________________

Үйлестірушінің электронды мекен-жайы
____________________________________________________________________

Үйлестірушінің жауапты тұлғасы_______________________ Қолы__________
Тегі,аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Басшы немесе қол қоюға уәкілетті тұлға___________________Қолы_______
Тегі,аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

  "Нормативтік құқықтық
актілердің жобаларына сыбайлас
жемқорлыққа қарсы
жүргізілген ғылыми сараптама
туралы мәліметтер" әкімшілік
деректерді жинауға арналған
нысанға қосымша

"Нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізілген ғылыми сараптама туралы мәліметтер" Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме "Нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізілген ғылыми сараптама туралы мәліметтер" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды(бұдан әрі - Нысан).

      2. Нысанды Үйлестіруші толтырады және Агенттікке ұсынады.

      3. Нысанға Үлестіруші ретінде әрекет ететін ұйымның басшысы не оның міндетін атқарушы адам, тегі мен аты-жөнін көрсете отырып, қол қояды.

      4. Нысан есепті айдан кейінгі айдың 10-на дейін ұсынылады.

      5. Нысан мемлекеттік және орыс тілдерінде толтырылады.

2- тарау. Нысанды толтыру

      6. 1-бағанда реттік нөмірі көрсетіледі.

      7. 2- бағанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізілген нормативтік құқықтық актінің атауы көрсетіледі.

      8. 3-бағанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама қорытындыларында ұсынылған ұсынымдардың жалпы саны көрсетіледі.

      9. 4-бағанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу қорытындылары бойынша нормативтік құқықтық актілерге енгізілген ұсынымдардың жалпы саны көрсетіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады