Кәсіпкерлік субъектілерінің банктік шоттардан қолма-қол ақшаны алу қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № 151, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 22 желтоқсандағы № 125 және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 22 желтоқсандағы № 1223 бірлескен қаулысы мен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 23 желтоқсанда № 21885 болып тіркелді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексінің (Салық кодексі) 24-бабы бірінші бөлігінің 20) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 10-2) тармақшасына, "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-5-бабы екінші бөлігінің 18-1) тармақшасына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ, Қазақстан Республикасы Қаржы министрі БҰЙЫРАДЫ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.09.2023 № 73, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 26.09.2023 № 73 және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 02.10.2023 № 1042 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен қаулысы мен бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Кәсіпкерлік субъектілерінің банктік шоттардан қолма-қол ақшаны алу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қолма-қол ақша айналысы департаменті (Қажымұратов Ж.Т.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментімен (Қасенов А.С.) бірлесіп осы бірлескен қаулыларды және бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бірлескен қаулыларды және бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бірлескен қаулыларды және бұйрықты мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментіне осы бірлескен қаулылардың және бұйрықтың осы тармағының 2) тармақшасында және 3-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Ақпарат және коммуникациялар департаменті – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің баспасөз қызметі (Адамбаева Ә.Р.) осы бірлескен қаулылар және бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін екі жұмыс күні ішінде олардың көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы бірлескен қаулылардың және бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Қ.Е. Баеділовке, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының орынбасары Н.А. Әбдірахмановқа және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Д.В. Вагаповқа жүктелсін.

      5. Осы қаулылар және бұйрық ресми жариялануға тиіс және 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту Агенттігінің Төрағасы
М. Абылкасымова
     
      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Е. Жамаубаев
     
      Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің Төрағасы
Е. Досаев

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасы

      Стратегиялық жоспарлау жəне

      реформалар агенттігінің

      Ұлттық статистика бюросы

  Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту Агенттігінің
Басқармасының
2020 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 125,
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2020 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 1223 мен
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2020 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 151 бірлескен қаулыларымен
және бұйрықпен бекітілген

Кәсіпкерлік субъектілерінің банктік шоттардан қолма-қол ақшаны алу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Кәсіпкерлік субъектілерінің банктік шоттардан қолма-қол ақшаны алу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексіне (Салық кодексі) (бұдан әрі – Салық кодексі), "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" (бұдан әрі – Ұлттық Банк туралы заң), "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы" және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және кәсіпкерлік субъектілерінің банктік шоттардан қолма-қол ақшаны алу тәртібін, оның ішінде кәсіпкерлік субъектілерінің банктік шоттардан белгіленген шекті мөлшерлерден артық қолма-қол ақшаны алу шарттарын, кәсіпкерлік субъектілерінің банктік шоттардан қолма-қол ақшаны нысанын, тізбесі мен ұсыну мерзімдерін қоса алғанда, белгіленген шекті мөлшерден артық алу туралы мәліметтер мен ақпаратты мемлекеттік кіріс органына және уәкілетті органға ұсыну тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.09.2023 № 73, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 26.09.2023 № 73 және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 02.10.2023 № 1042 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен қаулысы мен бұйрығымен.

      2. Қағидаларда мынада ұғымдар пайдаланылады:

      1) банктік шоттан қолма-қол ақшаны алу мақсатын растайтын құжаттар –қолма-қол ақшаны алу мақсатын көрсететін толық ақпарат қамтылатын құжаттар, оның ішінде шарт, бұйрық, өкім, шығыстар сметасы, шот-фактура, төлем шоты, төлем ведомосі, сот шешімі, инвойс, сатып алу актісі, сатып алу ведомосі;

      2) кәсіпкерлік субъектілерінің банктік шоттардан қолма-қол ақшаны алу сомасының шекті мөлшері – Ұлттық Банк туралы заңның 15-бабы екінші бөлігінің 10-1) тармақшасына сәйкес бекітілген кәсіпкерлік субъектілерінің банктік шоттардан қолма-қол ақшаны алу сомасының шекті мөлшері;

      3) кәсіпкерлік субъектісінің сәйкестендіру нөмірі – кәсіпкерлік субъектісінің бизнес немесе жеке сәйкестендіру нөмірі;

      4) мемлекеттік кірістер органы – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті және (немесе) оның аумақтық органдары;

      5) уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі.

2-тарау. Кәсіпкерлік субъектілерінің банктік шоттардан қолма-қол ақшаны алу тәртібі

      3. Кәсіпкерлік субъектілері банктік шоттардан қолма-қол ақшаны алуды Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19680 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 29 қарашадағы № 231 қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктерде, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарында, Ұлттық пошта операторында және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларда кассалық операцияларды және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау жөніндегі операцияларды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес екінші деңгейдегі банктерге, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарына және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға (бұдан әрі – банктер) берілген банктік шоттардан қолма-қол ақшаны алуға арналған өтінімдер негізінде жүзеге асырады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.09.2023 № 73, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 26.09.2023 № 73 және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 02.10.2023 № 1042 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен қаулысы мен бұйрығымен.

      4. Ұлттық Банк туралы заңның 15-бабы екінші бөлігінің 10-1) тармақшасына сәйкес айқындалған банктік шоттардан қолма-қол ақшаны алу жөніндегі талап қолданылмайтын кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда, кәсіпкерлік субъектілерінің күнтізбелік ай ішінде банктік шоттардан алатын қолма-қол ақшаның сомасы кәсіпкерлік субъектілерінің банктік шоттардан қолма-қол ақшаны алу сомасының шекті мөлшерінен аспайды.

      5. Ұлттық Банк туралы заңның 15-бабы екінші бөлігінің 10-1) тармақшасына сәйкес айқындалған банктік шоттардан қолма-қол ақшаны алу жөніндегі талап қолданылмайтын кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда, кәсіпкерлік субъектілерінің банктік шоттардан қолма-қол ақшаны алу сомасының шекті мөлшерінен асатын мөлшерде банктік шоттардан қолма-қол ақшаны алуды Қағидалардың 3-тарауында көзделген талаптарды сақтай отырып жүзеге асырады.

      6. Банк кәсіпкерлік субъектісі банктік шоттан қолма-қол ақшаны алуға арналған өтінімді берген күннен кейінгі жұмыс күні Астана қаласының уақыты бойынша сағат 10:00-ден кешіктірілмейтін мерзімде мемлекеттік кірістер органына қағаз тасымалдағышта және (немесе) электрондық түрде банктік шоттан қолма-қол ақшаны алу мақсатын растайтын құжаттарды, мемлекеттік кірістер органына, оның ішінде осы Қағидалардың 14 және 15-тармақтарына сәйкес мемлекеттік кірістер органы мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің арасында мәліметтермен және (немесе) құжаттармен алмасуды жүзеге асыру мақсаты үшін мәліметтерді және (немесе) құжаттарды беруге келісімін және банктік шоттан қолма-қол ақшаны алуға өтінім берген кәсіпкерлік субъектісінің сәйкестендіру нөмірі мен кәсіпкерлік субъектісінің уәкілетті өкілінің жеке сәйкестендіру нөмірі қамтылатын өтінімді жібереді.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.09.2023 № 73, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 26.09.2023 № 73 және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 02.10.2023 № 1042 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен қаулысы мен бұйрығымен.

      7. Мемлекеттік кірістер органы банктен Қағидалардың 6-тармағында көзделген мәліметтерді және (немесе) құжаттарды алған күннен кейінгі жұмыс күнінің соңына дейін банкке жазбаша және (немесе) электрондық нысанда кәсіпкерлік субъектілерінің банктік шоттардан қолма-қол ақшаны алу сомасының шекті мөлшерінен асатын сомада қолма-қол ақшаны беруден бас тарту үшін негіздердің болуы не болмауы туралы мәліметтерді жібереді.

      8. Мемлекеттік кірістер органы Салық кодексінің 136-бабының 1-тармағында көзделген тәуекелдерді басқару жүйесін қолдануды ескере отырып, мынадай:

      тәуекелдің төмен дәрежесі бойынша – қолма-қол ақшаны беруден бас тарту үшін негіздердің болмауы туралы;

      тәуекелдің жоғары дәрежесі бойынша – қолма-қол ақшаны беруден бас тарту үшін негіздердің болуы туралы шешімдердің біреуін шығарады.

      9. Банктің кәсіпкерлік субъектісі кәсіпкерлік субъектілерінің банктік шоттардан қолма-қол ақшаны алу сомасының шекті мөлшерінен асатын қолма-қол ақшаны алуға арналған өтінім берген күннене бастап үш жұмыс күні ішінде мемлекеттік кірістер органынан кәсіпкерлік субъектілерінің банктік шоттардан қолма-қол ақшаны алу сомасының шекті мөлшерінен асатын сомада қолма-қол ақшаны беруден бас тарту үшін негіздердің болуы не болмауы туралы мәліметтерді алмауы кәсіпкерлік субъектісіне қолма-қол ақшаны беру үшін негіз болып табылады.

      10. Мемлекеттік кірістер органы Қағидалардың 8-тармағын іске асыру мақсатында Салық кодексінің 136-бабының 1-тармағында көзделген тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану үшін конфиденциалды ақпарат болып табылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын қолданады.

      11. Салық кодексінің 136-бабының 1-тармағында көзделген тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану нәтижесі бойынша мемлекеттік кірістер органынан алынған кәсіпкерлік субъектілерінің банктік шоттардан қолма-қол ақшаны алу сомасының шекті мөлшерінен асатын сомада қолма-қол ақшаны беруден бас тарту үшін негіздердің болуы не болмауы туралы мәліметтер күнтізбелік бір ай ішінде қолданылады.

3-тарау. Кәсіпкерлік субъектілерінің банктік шоттардан белгіленген шекті мөлшерінен асатын қолма-қол ақшаны алу талаптары

      12. Ұлттық Банк туралы заңның 15-бабы екінші бөлігінің 10-1) тармақшасына сәйкес айқындалған банктік шоттардан қолма-қол ақшаны алу жөніндегі талап қолданылмайтын кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда, кәсіпкерлік субъектілерінің банктік шоттардан қолма-қол ақшаны алу сомасының шекті мөлшерінен асыруға жиынтығында мынадай талаптардың сақталу кезінде жол беріледі:

      банктік шоттан қолма-қол ақшаны алу мақсатын растайтын құжаттардың болуы;

      кәсіпкерлік субъектілерінің мемлекеттік кірістер органына, оның ішінде осы Қағидалардың 14 және 15-тармақтарына сәйкес мемлекеттік кірістер органы мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің арасында мәліметтермен және (немесе) құжаттармен алмасуды жүзеге асыру мақсаты үшін мәліметтерді және (немесе) құжаттарды беруге келісімін ұсынуы;

      банктің мемлекеттік кірістер органынан кәсіпкерлік субъектілерінің банктік шоттардан қолма-қол ақшаны алу сомасының шекті мөлшерінен асатын сомада қолма-қол ақшаны беруден бас тарту үшін негіздердің болмауы туралы мәліметтерді алуы.

4-тарау. Кәсіпкерлік субъектілерінің банктік шоттардан белгіленген шекті мөлшерден артық қолма-қол ақшаны алуы туралы мәліметтер мен ақпаратты ұсыну тәртібі

      13. Банктер ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың он бесінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша кәсіпкерлік субъектілері күнтізбелік ай ішінде банктік шоттардан жиынтығында 10 000 000 (он миллион) теңгеден артық сомаға қолма-қол ақшаны алуды жүзеге асырған соманың мөлшері туралы мәліметтерді жібереді.

      14. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі кәсіпкерлік субъектілерінің банктік шоттардан қолма-қол ақшаны алу сомасының шекті мөлшерінен асырған кәсіпкерлік субъектілерін айқындау үшін банктер мен банктік шоттардан қолма-қол ақшаны алуды жүзеге асырған кәсіпкерлік субъектілері бөлігінде кәсіпкерлік субъектілерінің сәйкестендіру нөмірлері негізінде Қағидалардың 13-тармағында көзделген деректерді жинақтауды жүзеге асырады. Ұлттық Банк банктер және кәсіпкерлік субъектілерінің сәйкестендіру нөмірлері бөлігіндегі электрондық нысандағы жиынтық деректерді ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың соңғы жұмыс күнінен кешіктірмей Салық кодексінің 136-бабының 1-тармағында көзделген тәуекелдерді басқару жүйесінде пайдалану үшін мемлекеттік кірістер органына және банктердің Қағидалардың нормалары мен кәсіпкерлік субъектілерінің банктік шоттардан қолма-қол ақшаны алу сомасының шекті мөлшерін сақтауын бақылау үшін уәкілетті органға жібереді.

      15. Мемлекеттік кірістер органы ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың он бесінен кешіктірмей, кәсіпкерлік субъектісінің атауын, сәйкестендіру нөмірін, өтінімнің сомасын және кәсіпкерлік субъектілерінің банктік шоттардан қолма-қол ақшаны алу сомасының шекті мөлшерінен асатын сомада қолма-қол ақшаны беруден бас тарту үшін негіздердің болуы не болмауы туралы мәліметтерді көрсете отырып, күнтізбелік ай ішінде алған кәсіпкерлік субъектілерінің банктік шоттардан қолма-қол ақшаны алуға өтінімдері бойынша банктер бөлігіндегі мәліметтерді Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне электрондық нысанда жібереді.

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары -
Қаржы министрі
2023 жылғы 2 қазандағы
№ 1042,
Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту Агенттігінің
Басқармасының
2023 жылғы 26 қыркүйектегі
№ 73 мен
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкінің Төрағасы
2023 жылғы 26 қыркүйектегі
№ 73 бірлескен
қаулылары мен бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2020 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 151,
Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту агенттігі
Басқармасының
2020 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 125 және
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2020 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 1223 бірлескен
қаулысы мен бұйрығымен
бекітілген Кәсіпкерлік
субъектілерінің банктік
шоттардан қолма-қол ақшаны
алу қағидаларына
қосымша

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.09.2023 № 73, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 26.09.2023 № 73 және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 02.10.2023 № 1042 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен қаулысы мен бұйрығымен.

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

      Нысан қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне

      Әкімшілік деректер нысаны: www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған

Кәсіпкерлік субъектілері күнтізбелік ай ішінде банктік шоттардан жиынтығында 10 000 000 (он миллион) теңгеден артық сомаға қолма-қол ақшаны алуды жүзеге асырған соманың мөлшері туралы мәліметтер

      Әкімшілік деректер нысанының индексі: СНД_СП_1

      Кезеңділігі: ай сайын

      Есепті кезең: 20__ жылғы "__" __________ жағдай бойынша

      Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар

      Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың он бесінен кешіктірмей

  Нысан

Банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның бизнес-сәйкестендіру нөмірі: __________________

      мың теңге

№№

Банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның клиенті туралы ақпарат

Есепті айда қолма-қол ақшаны алу сомасы

Қолма-қол ақшаны алудың жиынтық сомасы

Оның ішінде қолма-қол шетел валютасы

Оның ішінде өңірлер бойынша

Бизнес сәйкестендіру нөмірі/ Жеке сәйкестендіру нөмірі

Атауы

Кәсіпкерлік субъектісінің коды

Экономикалық қызметтің жалпы сыныптауышының коды

Банктік шоттан қолма-қол ақшаны алу сомасының шекті мөлшері

Астана қаласы

Алматы қаласы

Шымкент қаласы

Ақмола облысы

Ақтөбе облысы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

      кестенің жалғасы

Есепті айда қолма-қол ақшаны алу сомасы

Оның ішінде өңірлер бойынша

Алматы облысы

Атырау облысы

Шығыс Қазақстан облысы

Жамбыл облысы

Батыс Қазақстан облысы

Қарағанды облысы

Қостанай облысы

14

15

16

17

18

19

20

      Кестенің жалғасы

Есепті айда қолма-қол ақшаны алу сомасы

Оның ішінде өңірлер бойынша

Қызылорда облысы

Маңғыстау облысы

Павлодар облысы

Солтүстік Қазақстан облысы

Түркістан облысы

Абай облысы

Жетісу облысы

Ұлытау облысы

21

22

23

24

25

26

27

28

      Атауы ________________ Мекенжайы _______________________________

      Телефоны _______________________________________________________

      Электрондық поштасының мекенжайы ______________________________

      Орындаушы _______________________________________ _____________

      тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса) телефоны

      Бас бухгалтер немесе нысанға қол қоюға уәкілетті адам

      __________________________________________ _____________________

      тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса) қолы, телефоны

      Күні 20__ жылғы "____" ______________

  Кәсіпкерлік субъектілері
күнтізбелік ай ішінде банктік
шоттардан жиынтығында
10 000 000 (он миллион)
теңгеден артық сомаға
қолма-қол ақшаны алуды
жүзеге асырған соманың
мөлшері туралы
мәліметтер нысанына
қосымша

Әкімшілік деректер нысанын толтыру бойынша түсіндірме Кәсіпкерлік субъектілері күнтізбелік ай ішінде банктік шоттардан жиынтығында 10 000 000 (он миллион) теңгеден артық сомаға қолма-қол ақшаны алуды жүзеге асырған соманың мөлшері туралы мәліметтер (индексі – СНД_СП_1, кезеңділігі – ай сайын)

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме (бұдан әрі – Түсіндірме) "Кәсіпкерлік субъектілері күнтізбелік ай ішінде банктік шоттардан жиынтығында 10 000 000 (он миллион) теңгеден артық сомаға қолма-қол ақшаны алуды жүзеге асырған соманың мөлшері туралы мәліметтер" әкімшілік деректер нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. Нысан "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Ұлттық Банк туралы заң) 15-бабы екінші бөлігінің 69) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      3. Нысанды банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар (бұдан әрі – банктер) әр айдың біріндегі жағдай бойынша ай сайын жасайды. Нысандағы деректер мың теңгемен толтырылады.

      4. Нысанға бас бухгалтер немесе Нысанға қол қоюға уәкілетті адам қол қояды.

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      5. Нысан қазақ және орыс тілдерінде толтырылады.

      6. Нысанда кәсіпкерлік субъектілерінің, оның ішінде өңірлер бойынша күнтізбелік ай ішінде банктік шоттардан жиынтығында 10 000 000 (он миллион) теңгеден артық сомаға қолма-қол ақшаны алуды жүзеге асырған соманың мөлшері туралы ақпарат қамтылады.

      7. Егер тиісті көрсеткішке Түсіндірмеде өзгеше көрсетілмесе, барлық көрсеткіштер толтыру үшін міндетті болып табылады.

      8. 1-бағанда ол туралы ақпарат Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ұсынылатын, күнтізбелік ай ішінде банктік шоттардан жалпы сомасы 10 000 000 (он миллион) теңгеден асатын қолма-қол ақшаны алуды жүзеге асырған кәсіпкерлік субъектілерінің операциялары бойынша хабарламаның реттік сандық нөмірі көрсетіледі. Операцияның реттік нөмірі сандық форматтағы "1" нөмірінен бастап, өсу ретімен қалыптастырылады.

      9. 2-бағанда күнтізбелік ай ішінде банктік шоттардан жалпы сомасы 10 000 000 (он миллион) теңгеден асатын қолма-қол ақшаны алуды жүзеге асырған кәсіпкерлік субъектісінің бизнес сәйкестендіру нөмірі (жеке сәйкестендіру нөмірі) көрсетіледі.

      Кәсіпкерлік субъектісінің оқшауланған бөлімшесі (филиал, өкілдік) банктік шоттан қолма-қол ақшаны алуға өтінім берген жағдайда, оның бас бөлімшесінің бизнес сәйкестендіру нөмірі (жеке сәйкестендіру нөмірі) көрсетіледі.

      10. 3-бағанда күнтізбелік ай ішінде банктік шоттардан жалпы сомасы 10 000 000 (он миллион) теңгеден асатын қолма-қол ақшаны алуды жүзеге асырған кәсіпкерлік субъектісінің атауы көрсетіледі.

      Кәсіпкерлік субъектісінің оқшауланған бөлімшесі (филиал, өкілдік) банктік шоттан қолма-қол ақшаны алуға өтінім берген жағдайда, оның бас бөлімшесінің атауы көрсетіледі.

      11. 4-бағанда күнтізбелік ай ішінде банктік шоттардан жалпы сомасы 10 000 000 (он миллион) теңгеден асатын қолма-қол ақшаны алуды жүзеге асырған кәсіпкерлік субъектісінің коды көрсетіледі:

      01 коды шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларға беріледі;

      04 коды орта кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларға беріледі;

      07 коды ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларға беріледі;

      02 коды шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілеріне жататын дара кәсіпкерлерге беріледі;

      05 коды орта кәсіпкерлік субъектілеріне жататын дара кәсіпкерлерге беріледі;

      08 коды ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жататын дара кәсіпкерлерге беріледі.

      12. 5-бағанда күнтізбелік ай ішінде банктік шоттардан жалпы сомасы 10 000 000 (он миллион) теңгеден асатын қолма-қол ақшаны алуды жүзеге асырған кәсіпкерлік субъектісінің экономикалық қызметтің жалпы сыныптауышының коды көрсетіледі.

      13. 6-бағанда "Кәсіпкерлік субъектілерінің банктік шоттардан қолма-қол ақшаны алу сомасының шекті мөлшерін, сондай-ақ банктік шоттардан қолма-қол ақшаны алу жөніндегі талап қолданылмайтын кәсіпкерлік субъектілерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № 150 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 23 желтоқсандағы № 95 бірлескен қаулысы мен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21901 болып тіркелген) сәйкес кәсіпкерлік субъектілерінің банктік шоттардан қолма-қол ақшаны алу сомасының шекті мөлшері көрсетіледі.

      14. 7-бағанда қолма-қол шетел валютасын (банктің операция жүргізілген күнгі нарықтық бағамы бойынша теңгедегі баламасы), кәсіпкерлік субъектісі корпоративтік төлем карточкаларын пайдалана отырып алған қолма-қол ақшаны қоса алғанда, оның ішінде кәсіпкерлік субъектісінің оқшауланған бөлімшелерін (филиал, өкілдік) ескере отырып, күнтізбелік ай ішінде банктік шоттардан жалпы сомасы 10 000 000 (он миллион) теңгеден асатын қолма-қол ақшаны алуды жүзеге асырған кәсіпкерлік субъектісінің банктік шоттардан қолма-қол ақшаны алуының жалпы нақты сомасы көрсетіледі. Осы бағанның сомасы 9-25-бағандардың сомасына тең болуға тиіс.

      15. 8-бағанда күнтізбелік ай ішінде банктік шоттардан жалпы сомасы 10 000 000 (он миллион) теңгеден асатын қолма-қол ақшаны алуды жүзеге асырған кәсіпкерлік субъектісінің, оның ішінде кәсіпкерлік субъектісінің оқшауланған бөлімшелерін (филиал, өкілдік) ескере отырып банктік шоттардан қолма-қол шетел валютасын (банктің операция жүргізілген күнгі нарықтық бағамы бойынша теңгедегі баламасы) алуының нақты сомасы көрсетіледі.

      16. 9-25-бағандарда қолма-қол шетел валютасын (банктің операция жүргізілген күнгі нарықтық бағамы бойынша теңгедегі баламасы), кәсіпкерлік субъектісі корпоративтік төлем карточкаларын пайдалана отырып алған қолма-қол ақшаны қоса алғанда, оның ішінде өңірлер бөлігінде кәсіпкерлік субъектісінің оқшауланған бөлімшелерін (филиал, өкілдік) ескере отырып, күнтізбелік ай ішінде банктік шоттардан жалпы сомасы 10 000 000 (он миллион) теңгеден асатын қолма-қол ақшаны алуды жүзеге асырған кәсіпкерлік субъектісінің банктік шоттардан қолма-қол ақшаны алуының нақты сомасы көрсетіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады