Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін және жеңілдікті шарттармен дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша беру туралы

Жаңа

Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2020 жылғы 2 маусымдағы № 500/66-VI шешімі. Нұр-Сұлтан қаласының Әділет департаментінде 2020 жылғы 15 маусымда № 1271 болып тіркелді

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 9-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қантардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін және жеңілдікті шарттармен дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша беру тізбесі осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін және жеңілдікті шарттармен дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша беру туралы" Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2019 жылғы 27 маусымдағы № 396/52-VI шешімінің күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1234 болып тіркелген, 2019 жылғы 10 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiнде жарияланған).

      3. Осы шешiм әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Нұр-Сұлтан қаласы
мәслихаты сессиясының төрағасы
С. Батпенов
      Нұр-Сұлтан қаласы
мәслихаты хатшысының м.а.
М. Шайдаров

  Нұр-Сұлтан қаласы
мәслихатының
2020 жылғы 2 маусымы
№ 500/66-VI шешіміне қосымша

Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін және жеңілдікті шарттармен дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша беру тізбесі

Р/с №

Аурудың атауы

Халықтың санаты

Дәрілік заттарды тағайындау көрсеткіші (дәрежесі, сатысы, ағым ауырлығы)

Дәрілік заттардың атауы (дәрілік түрі)

1

2

3

4

5

1.

Муковисцидоз

Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары

Барлық сатылар және ауырлық дәрежесі

Тобрамицин, ингаляцияға арналған ерітінді

Натрий колистиметаты, ингаляцияға арналған ұнтақ

Урсодезоксихол қышқылы, капсула

Бейімделген емдік өнімдер

Диспансерлік есепте тұрған 18 жасқа дейінгі балалар

Панкреатин, капсула

2.

Туа біткен жүрек ақауы кезіндегі Эйзенменгер синдромы

Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары

Барлық сатылар және ауырлық дәрежесі

Бозентан, таблетка

Силденафил, таблетка

Илопрост, ингаляцияға арналған ерітінді

3.

Драве синдромы

Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары

Барлық сатылар және ауырлық дәрежесі

Стирипентол, капсула

Клобазам, таблетка

4.

Қалқанша безінің медуллярлық ісігі

Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары

Барлық сатылар және ауырлық дәрежесі

Вандетаниб, таблетка

5.

Ниман-Пик ауруы

Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары

Барлық сатылар және ауырлық дәрежесі

Миглустат, капсула

6.

Анкилоздаушы спондилит

Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары

Дәстүрлі терапияға толық жауап бермейтін белсенді сатыда

Инфликсимаб,
инъекцияға арналған ұнтақ

7.

Жүйелік нұсқасы бар ювенильді идиопатиялық артрит

Диспансерлік есепте тұрған 18 жасқа дейінгі балалар

Дәстүрлі терапияға толық жауап бермейтін белсенді сатыдағы

Тоцилизумаб,
инъекцияға арналған ерітінді жасауға арналған концентрат

Адалимумаб, инъекцияға арналған ерітінді

Тофацитиниб, таблетка

8.

Буллезді эпидермолиз

Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары

Ауырлықтың барлық сатылары және дәрежелері

Медициналық бұйымдар

Декспантенол, крем

Бейімделген емдік өнімдер

9.

Өкпенің бронхоөкпелік дисплазиясы

1 жасқа дейінгі балалар

1000 г дейінгі салмақпен өте шала туған нәрестелер

Паливизумаб, инъекцияға арналған ерітінді, ерітінді дайындауға арналған ұнтақ

10.

Алғашқы глаукома, басқа көз аурулары салдарынан туындаған қайталама глаукома

Кем дегенде бір жыл диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары

Дәстүрлі емдеуге толық жауап бермейтін белсенді сатыда

Травопрост+ тимолол малеаты, көзге арналған тамшылар

11.

Бронх демікпесі 

Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары

Жеке көтереалмаушылық жағдайында

Серетид (сальметерол + флутиказон пропионаты), ингаляцияларға арналған аэрозоль

12.

Артериялық гипертензия

Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары

Жеке көтереалмаушылық жағдайында

Ванатекс (валсартан), таблетка

Телмисартан, таблетка

Телмисартан + гидрохлортиазид, таблетка

13.

Бүйірлік амиотрофиялық склероз

Диспансерлік есепте тұрған ересектер

Ауырлықтың барлық сатылары және дәрежелері

Рилузол, таблетка

14.

Контрацепция

Ауыр экстрагениталды аурулары бар әйелдер, жүктілікке қарсы көрсеткіштері бар әйелдер, бала туу жасындағы барлық әйелдердің әлеуметтік осал топтары

Ауырлықтың барлық сатылары және дәрежелері

Этинилэстрадиол + дроспиренон, таблетка

Дезогестрел, таблетка

Этинилэстрадиол + левоноргестрел, таблетка, драже

Медициналық бұйымдар

15.

Созылмалы жүрек жеткіліксіздігі

Диспансерлік есепте тұрған ересектер

Көмекші құралдарды имплантациялау, жасанды жүрек пен жүректі трансплантациялау

Медициналық бұйымдар

16.

Криопиринмен байланысты мерзімді синдромы

Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары

Ауырлықтың барлық сатылары және дәрежелері

Канакинумаб, ерітінді дайындауға арналған лиофилизат

17.

Созылмалы вирустық C гепатиті, бауыр циррозы сатысын қоса алғанда

Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары

Дәстүрлі терапияға толық жауап бермейтін сатыда

Глекапревир + пибрентасвир, таблетка

18.

Көмей стенозы

Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары

Трахеостомиялық түтікше иеленушілері

Медициналық бұйымдар

Бейімделген емдік өнімдер

19.

Эпилепсия

Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары

Жеке көтереалмаушылық жағдайында

Бензобарбитал, таблетка

20.

Қалқанша безінің қатерлі ісігі T3N0M0

Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары

Дәстүрлі емдеуге толық жауап бермейтін белсенді сатыда

Ленватиниб, капсула

21.

Көпжақты миелома

Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары

Дәстүрлі емдеуге толық жауап бермейтін белсенді сатыда

Даратумумаб, инфузияға арналған ерітінді жасауға концентрат

22.

Целиакия

Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары

Ұлпалық трансглютаминазаға қарсы денелері бар, гистологиялық немесе генетикалық расталған, белсенді сатыда

Бейімделген емдік өнімдер

Панкреатин, капсула

23.

Ихтиоз

Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары

Ауырлықтың барлық сатылары және дәрежелері

Деспантенол, сыртқы қолдануға арналған крем

Мометазон, сыртқы қолдануға арналған жақпамай

Ацитретин, таблетка

24.

Эрб Роттың үдемелі бұлшықет дистрофиясы

Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары

Ауырлықтың барлық сатылары және дәрежелері

Бейімделген медициналық өнімдер

25.

Туа біткен гиперинсулинизм

Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары

Ауырлықтың барлық сатылары және дәрежелері

Диазоксид, ампула

Қандағы глюкозаны анықтауға арналған сынақ жолақтары

26.

Филадельфия хромосомасымен жіті лимфобласт лейкоз

Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары

Дәстүрлі емдеуге толық жауап бермейтін белсенді сатыда

Понатиниб, таблетка

27.

Жіті миелобласты лейкоз, M3 жасушалық нұсқасы

Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары

Дәстүрлі емдеуге толық жауап бермейтін белсенді сатыда

Третиноин, капсула

28.

Атопиялық дерматит

Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары

Дәстүрлі емдеуге толық жауап бермейтін белсенді сатыда

Дупилумаб, инъекцияға арналған ерітінді

29.

Сероздық эпителиальды аналық без қатерлі ісігі

Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары

Дәстүрлі емдеуге толық жауап бермейтін белсенді сатыда

Олапариб, капсула, таблетка

30.

Тубероздік склерозы. Құрылымдық фокальды эпилепсия. Эпилептикалық энцефолапатия. Веста синдромы

Диспансерлік есепте тұрған 18 жасқа дейінгі балалар

Дәстүрлі емдеуге толық жауап бермейтін белсенді сатыда

Вигабатрин, таблетка

Осполот, таблетка

Зонисамид, таблетка

Клобазам, таблетка


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады