"Ақмола облысы Степногорск қаласы және Степногорск қаласының әкімшілік шекараларында елді мекендеріндегі бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы" Ақмола облыстық мәслихатының 2014 жылғы 28 наурыздағы № 5С-23-5 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Ақмола облыстық мәслихатының 2020 жылғы 7 қазандағы № 6С-50-3 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 9 қазанда № 8072 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Ақмола облысы Степногорск қаласы және Степногорск қаласының әкімшілік шекараларында елді мекендеріндегі бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы" Ақмола облыстық мәслихатының 2014 жылғы 28 наурыздағы № 5С-23-5 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4157 болып тіркелген, 2014 жылғы 20 мамырда "Арқа ажары" және "Акмолинская правда" газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген мәслихат шешімінің 2- қосымшасында "Степногорское" сөзі "Байқоныс" сөзімен ауыстырылсын.

      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессияның төрағасы,
Ақмола облыстық
мәслихаты хатшысының
міндетін атқарушы
А.Жаксылыков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады