Целиноград аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақмола облысы Целиноград аудандық мәслихатының 2020 жылғы 10 шілдедегі № 429/64-6 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 15 шілдеде № 7954 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабына сәйкес Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Целиноград аудандық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

      1) Целиноград аудандық мәслихатының "Целиноград ауданында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демострациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" 2016 жылғы 25 сәуірдегі № 17/2-6 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5387 болып тіркелген, 2016 жылғы 6 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жариаланған);

      2) "Целиноград аудандық мәслихатының 2016 жылғы 25 сәуірдегі № 17/2-6 "Целиноград ауданында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демострациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Целиноград аудандық мәслихатының 2019 жылғы 25 қазандағы № 356/51-6 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7451 тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 31 қазанда жарияланған).

      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Целиноград аудандық мәслихаты
сессиясының төрағасы
Н.Токабаев
      Целиноград аудандық мәслихатының
хатшысы
Б.Ибраев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Целиноград ауданының әкімі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады