Қарабұлақ ауылдық округінің Аманкелді ауылы аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Алға ауданы Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 19 маусымдағы № 11 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 22 маусымда № 7211 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Алға ауданы Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы № 24 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Алға ауданы Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің 31.12.2020 № 24 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Алға аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2020 жылғы 25 мамырдағы № 2-6-3/50 ұсынысы негізінде, Қарабұлақ ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қарабұлақ ауылдық округінің Аманкелді ауылы аумағында, ауылшаруашылығы құрылымдарынан басқа мүйізді ірі-қара малдарының арасында бруцеллез ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. "Қарабұлақ ауылдық округі әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Алға ауданы әкімдігінің интернет ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешiм оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Алға ауданы Қарабұлақ ауылдық
округінің әкімі
Е. Махамбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады