Шектеу іс-шараларын алу және Ақкемер ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 1 сәуіріндегі № 26 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Ақкемер ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 10 желтоқсандағы № 68 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 14 желтоқсанда № 7796 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына, Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Мұғалжар аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2020 жылғы 2 желтоқсанындағы № 02-13-4/256 ұсынысы негізінде, Мұғалжар ауданының Ақкемер ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мұғалжар ауданы Ақкемер ауылдық округінің Көктөбе ауылында орналасқан "Үміт" шаруа қожалығының аумағында мүйізді ірі қара малдарының арасында бруцеллез ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шараларының жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары алынсын.

      2. Ақкемер ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 1 сәуіріндегі № 26 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6961 болып тіркелген, 2020 жылғы 6 сәуірінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. "Мұғалжар ауданының Ақкемер ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Мұғалжар ауданы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақкемер ауылдық округінің әкімі Д. Кужаньязов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады