Шектеу іс-шараларын алу және Жұрын ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 9 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану турал

Жаңа

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Жұрын ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 18 қарашадағы № 30 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 19 қарашада № 7663 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына және Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Мұғалжар аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2020 жылғы 9 қарашадағы № 02-13-4/237 ұсынысы негізінде, Мұғалжар ауданының Жұрын ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мұғалжар ауданы Жұрын ауылдық округі Көбелей ауылы аумағында мүйізді ірі қара малдарының арасында бруцеллез ауруының ошақтарын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шараларының жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары алынсын.

      2. Жұрын ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 9 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 7071 болып тіркелген, 2020 жылғы 27 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. "Мұғалжар ауданының Жұрын ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Мұғалжар ауданы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жұрын ауылдық округінің әкімі Р. Үргенішбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады