Темір ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 31 наурыздағы № 62 Темір ауданы бойынша мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерiн бекiту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Темір аудандық әкімдігінің 2020 жылғы 21 мамырдағы № 100 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 22 мамырда № 7130 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Темір ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 26 қаңтардағы № 11 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Темір ауданы әкімдігінің 26.01.2021 № 11 қаулысымен (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Бiлiм туралы" Заңының 6 бабының 4 тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Темір ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Темір ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 31 наурыздағы № 62 "Темір ауданы бойынша мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерiн бекiту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5458 тіркелген, 2017 жылдың 12 мамырында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысына келесідей өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Темір аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсiн.

      4. Осы қаулы оны ресми алғашқы жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Темір ауданының әкімі
      Ж. Батырхан

  2020 жылғы 21 мамыры № 100
  Темір ауданы әкімдігінің
  қаулысына қосымша

Темір ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері

№ р/с

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының әкімшілік-аумақтық орналасуы (қала, кент ауыл)

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының атауы

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарында ата-ананың бір күндік төлемақы мөлшері (теңге)

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының тәрбиеленушілер саны

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарында бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығыстардың бір айдағы орташа құны (теңге)

1

Темір қаласы

"Ақтөбе облысы Темір ауданы Темір қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Гаухар" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

50

38 700

400

2

Темір қаласы

"Ақтөбе облысы Темір ауданы Темір қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі "Айгөлек" бөбекжай - балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

51

44 200

400

3

Шұбарқұдық кенті

"Ақтөбе облысы Темір ауданы Шұбарқұдық ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Балауса" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны 

164

37 500

400

4

Шұбарқұдық кенті

"Ақтөбе облысы Темір ауданы Шұбарқұдық ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Балдәурен" балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

50

49 900

400

5

Шұбарқұдық кенті

"Ақтөбе облысы Темір ауданы Шұбарқұдық ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Балақай" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

80

40 600

400

6

Шұбарқұдық кенті

"Ақтөбе облысы Темір ауданы Шұбарқұдық ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Қарлығаш" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

75

35 900

400

7

Шұбарқұдық ауылы

"Ақтөбе облысы Темір ауданы Жақсымай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Айгөлек" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

75

40 200

400

8

Шұбарқұдық кенті

"БЕркежан" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

60

33 000

400

9

Қопа ауылы

"Ақтөбе облысы Темір ауданы Кеңестуы ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Балдырған" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

50

49 500

400

10

Кеңкияқ ауылы

"Ақтөбе облысы Темір ауданы Кеңкияқ ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Ақбота" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

140

29 500

400

11

Саркөл ауылы

"Ақтөбе облысы Темір ауданы Саркөл ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Алақай" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

25

73 600

400

12

Құмқұдық ауылы

"Ақтөбе облысы Темір ауданы Қайыңды ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Балапан" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

25

46 600

400

13

Кеңкияқ ауылы

"Ақтөбе облысы Темір ауданы Кеңкияқ ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Зере" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны 

250

36 700

400

14

Шұбарши кенті

"Ақтөбе облысы Темір ауданы Шұбарши ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Еркем-ай" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

140

29 500

400


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады