Карантинді алу және Ақтөбе облысы Темір ауданы Қайынды ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 21 қаңтардағы № 2 "Қайыңды ауылдық округінің Бабатай ауылы аумағына карантин белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Темір ауданы Қайыңды ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 26 наурыздағы № 5 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 27 наурызда № 6917 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Темір аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2020 жылғы 28 ақпандағы № 2-14-17/48 ұсынысы негізінде Ақтөбе облысы Темір ауданы Қайыңды ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Темір ауданы Қайыңды ауылдық округі Бабатай ауылы аумағында мүйізді ірі қара малдары арасынан қарасан ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар жүргізілуіне байланысты белгіленген карантин алынсын.

      2. Қайыңды ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 21 қаңтардағы № 2 "Қайыңды ауылдық округінің Бабатай ауылына карантин белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6776 тіркелген, 2020 жылғы 29 қаңтарда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қайыңды ауылдық округінің әкімі
      Р. Рашев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады