Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Қызылсу ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 21 мамырдағы № 5 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 25 мамырда № 7133 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Қызылсу ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 11 қарашадағы № 12 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Қызылсу ауылдық округі әкімінің 11.11.2020 № 12 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Хромтау аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2020 жылғы 28 қаңтардағы № 15-4/78 ұсынысы негізінде, Қызылсу ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мүйізді ірі қара малдың арасынан бруцеллез ауруының анықталуына байланысты, Хромтау ауданының Қызылсу ауылдық округінде орналасқан "Chromtau Beef" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. "Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Қызылсу ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Хромтау ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешiм оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Ауылдық округ әкімі А. Кушмагамбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады