Қауымдық сервитутын белгілеу туралы

Мерзімі біткен

Ақтөбе облысы Шалқар ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 69 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 16 наурызда № 6884 болып тіркелді. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 17, 69 және 71-1 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына сәйкес, Шалқар ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Шалқар ауданы, Бозой ауылдық округі аумағында орналасқан жалпы алаңы 760,54 гектар жер учаскесіне жер пайдаланушылардан алып қоймай, "Clinal" "Клинал" жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен пайдалы қазбаларды барлау үшін, 2020 жылдың 31 наурызына дейінгі мерзімге қауымдық сервитуты белгіленсін.

      2. "Шалқар аудандық жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны, оны ресми жариялағаннан кейін Шалқар ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оны алғашқы ресми жариялаған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Шалқар ауданының әкімі Б. Каниев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады