Қарабұлақ ауылдық округінің көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Алматы облысы Ескелді ауданы Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 24 тамыздың № 9 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2020 жылы 27 тамызда № 5630 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Қарабұлақ ауылдық округі халқының пікірін ескере отырып және 2017 жылғы 20 желтоқсандағы Алматы облысының ономастикалық комиссиясының қорытындысы негізінде, Ескелді ауданының Қарабұлақ ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қарабұлақ ауылдық округінің келесі көшелері қайта аталсын:

      Қарабұлақ ауылындағы "Автомобилистов" көшесі "Балқаш" көшесіне, "Береговая" көшесі "Ойсаз" көшесіне, "Забайкальская" көшесі "Байкал" көшесіне, "Интернациональная" көшесі "Желтоқсан" көшесіне, "Колхозная" көшесі "Ынтымақ" көшесіне, "Почтовая" көшесі "Болашақ" көшесіне, "Строителей" көшесі "Жерұйық" көшесіне, "Южная" көшесі "Күншуақ" көшесіне, "Северная" көшесін "Самал" көшесіне, "Победа" көшесін "Жеңіс" көшесіне;

      Шымыр ауылындағы "Дружба" көшесі "Достық" көшесіне, "Екінші" көшесі "Бірлік" көшесіне, "Үшінші" көшесі "Ғарышкер" көшесіне;

      Абай ауылындағы "Молодежная" көшесі "Жастар" көшесіне, "Мир" көшесі "Бейбітшілік" көшесіне.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің орынбасары С. Оналбаевқа жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарабұлақ ауылдық округі әкімі Б. Дюсебаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады